М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Өндірістік технологиялар және инжиниринг– ICITE - 2021» атты VІІІ халықаралық жыл сайынғы конференциясы өтеді.
Конференция «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – адамдар үшін жасампаздық уақыты» ұранымен, дүниежүзілік Ғылым күніне ұйымдастырылған «Адамдар үшін жасампаздық» басты идеясы бойынша жүргізіледі.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұжырымдамасы бойынша қараша айы «Индустриялық-инновациялық даму және цифрлық экономика айы» деп жарияланды.
Конференция аясында Академик Балабеков Оразалы Сатимбекұлының 80 жылдығына арналған «АКАДЕМИК БАЛАБЕКОВ О.С- серіктес, ғалым және ұстаз» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі, КСРО құрметті химигі, техника ғылымының докторы, профессор.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен (бұрынғы Қазақ-химия технологиялық институты) тығыз байланысты. Мұнда Балабеков О.С. ассистенттік қызметтен бастап қазақ химия-технологиялық институтының ғылыми істер бойынша проректорына дейін көтерілді
Конференцияға қатысушылар үшін индустриялық-экономикалық әлеуетті дамыту үшін елді цифрландыру мәселелері талқыланатын «Цифрлық экономика» республикалық форумы өткізіледі.
Конференция жұмысына қатысуға Қазақстан Республикасы мен шет елдердің ғылыми зерттеулерде маңызды нәтижелері бар жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары және өндіріс өкілдері шақырылады.
Конференцияның мақсаты химиялық технология, нано және биотехнология, агроөнеркәсіптік кешен және тамақ индустриясы, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология және табиғатты тиімді пайдалану, жаңартылатын энергетика және энергия үнемдейтін технологиялар, IT-технологиялар, әлеуметтік-экономикалық даму және инженерлік білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және университет стратегиясын талқылау болып табылады.
Конференцияның таңдаулы еңбектерін AIP Publishing баспасы AIP Conference proceedings ISSN: 1551-7616 журналында жариялайды және Scopus және Web of Science ғылыми метрикалық деректер базасына индекстеуге бағытталған.
Ғылыми бағыттар
- Минералды шикізат өндіру және қайта өңдеудегі ғылым мен технологиялар
- Мұнайгаз ісі: газды өндіру және барлау
2. Полимерлі композициялық материалдардың химиясы және технологиясы
3. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, силикатты материалдар және металлургия
2.Технологиялар мен техниканы дамытудың өзекті мәселелері
- Агроөнеркәсіптік кешен және агробизнес
2. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі жағдайындағы тамақ инженерия
3.Жеңіл және тоқыма өнеркәсібіндегі заманауи технологиялар
4. Механика, машина жасау, көлік және логистика
5.Сәулет және құрылыс: технологиялар мен материалдар
6. Жаңартылатын энергетика және энергия үнемдеу технологиялары
- Компьютерлік және ақпараттық технологиялар
- Физика және математика ғылымдары саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер
2. Software Engineering (Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу)
- IT-технологиялары және өндірісті автоматтандыру
- Цифрлық экономика
- Өмір туралы ғылымдар және денсаулық сақтау
- Биотехнология мен биоинженериядағы серпінді ғылыми жетістіктер
2.Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері
3.Фармацевтикалық өндіріс және дәрілік заттардың технологиясы
4. Өндірістік қауіпсіздік және санитарлық алдын алу
5. Дене шынықтыру және спорт – салауатты өмір салтының негізі
6. Инклюзивті білім беруді дамыту: психология, дефектология және
сурдопедагогика саласындағы зерттеулер
- Ұлы Даланың жеті қыры: қоғамның рухани жаңғыруының мұралары мен бастаулары
- Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты
2. Тәуелсіз Қазақстан: өткені, бүгіні және болашағы
3. Құқықтық мемлекет: Қазақстан Республикасы Конституциясының
25 жылдығы
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын дамыту
5. Тарих пен мәдениеттің, тіл мен әдебиеттің ортақтығы
- Білім, философия және лингвистиканың өзекті мәселелері
- COVID-19 пандемиясы жағдайында ғылым мен білімнің дамуы
- Дүниежүзілік пандемия - ғылыми зерттеулерге әсер етуші фактор ретінде
2. Пандемия жағдайында білім беру жүйесінің жаһандануы
3. Жаһандық оқшаулану кезеңіндегі экономиканың трансформациясы
4.COVID-19 - елді цифрландырудың жаңа серпіні
Конференция онлайн форматта өтеді. Онлайн-алаңның мекен-жайы қосымша жарияланады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, ағылшынша, орысша