7M04130 Есеп және аудит
БББ ПАСПОРТЫ
| БББ атауы | 7М04130 «Есеп және аудит» | 
| Білім беру саласының коды мен жіктелуі | 7M04 Бизнес, басқару және құқық | 
| Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі | 7M041 Бизнес және басқару | 
| Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы | М073 Аудит және салық салу | 
| Оқыту тілі | Орыс, қазақ | 
| БББ көлемі | 63 кредит | 
| Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері | - | 
| Серіктес-ЖОО (ҚББ) | - | 
| БББ мақсаты | Кәсіби қызметтің таңдаулы саласында көшбасшы болуға қабілетті және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті есеп және аудит саласында құзыретті магистрлерді дайындау. | 
| Берілетін дәреженің аталуы | « бизнес және басқару магистрі » | 
| Кәсіби қызмет саласы | - қызмет түріне, меншік мөлшеріне немесе нысанына қарамастан ұйымдар, фирмалар, корпорациялар; - түрлі қаржы институттары; - мемлекеттік басқару органдары. | 
| Оқыту нәтижелері | ОН 1-Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білетіндігін көрсету. ОН 2-Ұйымдағы қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру. ОН 3-Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы түсінік беру қабілетін көрсету; ОН 4-Магистрлік жоба, мақала, есеп, аналитикалық жазба және т. б. түрінде эксперименталды-зерттеу және талдау жұмысының нәтижелерін қорытындылау. ОН 5-Ұйымның шаруашылық қызметін есепке алуды, аудитті және басқаруды ұйымдастыру саласында күрделі және стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдау; ОН6-Кәсіби және практикалық қызметте статистикалық, экономикалық - математикалық әдістерді, автоматтан-дырылған бағдарламаларды қолдану; ОН 7-ХАС сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасау және аудит жүргізу. ОН 8-Қаржылық, басқарушылық есепке алу, аудит, талдау және бизнес саласында шешімдер қабылдау кезінде сандық және сапалық талдау әдістерін, оның ішінде функционалдық-құндық әдістерді, сондай-ақ тиісті ұйымдастырушылық-экономикалық модельдерді қолдану. | 
 
 
 














