Новости
ОБЪЯВЛЕНИЕ
- Просмотров: 304
Шымкент қаласы бойынша кадрлық комиссиясы Шымкент қаласының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
- Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
- құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
- жоғары білімі болуы;
- үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 3А
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің shymkent.onir.rezerv_kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында elgeqyzmet.shymkent және келесі телефондар арқылы: 8(7252) 53 60 67, 8701 743 17 62 алуға болады.
Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter