Тілдерді дамыту бөлімі

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Тілдерді дамыту бөлімі :

  • қазақ, орыс, ағылшын және басқа да шетел  тілдерін оқыту бағдарламаларын;
  • аударма қызметтерін (қазақ, орыс, ағылшын және басқа да шет тілдері);
  • ағылшын тілінде дәріс жүргізетін профессор-оқытушылар  құрамы мен пәндерді ағылшын тілінде оқитын студенттер үшін кеңес беру қызметтерін  ұсынады, ұйымдастырады және өткізеді.
  •  
    Тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері

    Жетекшісі:

    Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызы – аға оқытушы, қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында өткен «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», 2008ж. Қазақ тілі бойынша көптеген авторлық бағдарламаларды дайындаған.

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті Астана қаласы, 2012 ж. 10-11 қазан аралығында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілінің үздік оқытушысы»  атты республикалық байқауда және  Қарағанды облысы әкімдігі, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 ж. 11-12 қазан аралығында өткен «Тілім-тірегім, жерім-тұғырым» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияда өзіндік оқу-әдістемелерімен бөлісіп қайтты.

          16.11.2012ж. «Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың технологиялары» атты облыстық семинар-тренингте «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, басқарма тарапынан  Алғыс хатпен марапатталған.

          Алматы қаласы 2012ж. 27-28 қараша күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан ұйымдастырылған Үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде ересектерге қазақ тілін оқыту ерекшеліктеріне арналған біліктілікті арттыру семинарында арнайы сертификатпен марапатталған.

          ҚР Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2012 жылдың 7 желтоқсанында М.Әуезовтің 115 жылдық мерейтойына арналған Әуезов оқулары -11: «Қазақстан білім қоғамы жолында: ғылым, білім және мәдениет дамуындағы инновациялық бағыты» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Алғыс хатпен марапатталған.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы АҚ ҚР ЖОО –да оқытушылардың педагогикалық мамандықтары бойынша біліктілікті арттыру курсы.

         2013 ж. 25 қараша мен 7 желтоқсан аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ-ның қолдауымен Германия Федеративтік Республикасы Дюссельдорф қаласының INTAMT халықаралық бөлімінде «Жоғары білім аймағындағы университет педагогикасы мен әдістемесінің инновациясы» атты біліктілікті арттыру тағылымдамасынан өтіп, арнайы сертификат алды.

         2015 жылы ОҚО Білім, жастар саясаты, тілдерді дамыту басқармасы тарапынан ұйымдастырылған «Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» атты семинарда Алғыс хатпен марапатталған.

         2015 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

         2016 жылы «ҚАЗТЕСТ – мемлекеттік тілді дамыту құралы» тақырыбындағы практикалық семинарда әдістемелік көмек көрсеткені үшін Оңтүстік Қазақстан облысы, Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы, Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының алғыс хатымен марапатталған.

         2017 жылы  

         Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының алғыс хатымен марапатталған.

    Мемлекеттік тіл бойынша жоғарғы білікті маман:

    Амиркулова Асель Куралбаевна

    Мемлекеттік тіл бойынша жоғарғы білікті маман, қазақ, орыс,

    түрік  тілдерінде еркін аударма жасайды.
     

    Қазақ тілінің аудармашысы:

    Базарбеков Әлқуат

    Орысша /қазақша, қазақша/орысша аударма жасайды.
     

    Ағылшын тілінің аудармашысы:

    Белоусова Людмила Николаевна

    ТЕСОЛ мүшесі, қазақ тілін бастапқы, неміс тілін – негізгі, орыс және ағылшын тілдерінің үздік маманы.

    ҚР-да,  АҚШ-та білім алған.
     

    Неміс тілінің оқытушылары  мен аудармашысы:

    Фоменко Сергей Степанович

    Орысша/немісше, немісше/орысша аударма жасайды.
     

    Қазақ тілінің оқытушысы:

    Смайыл Ақмарал Халиқызы

    Қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс жүргізу курстарын жүргізеді.
    Ағылшын тілінің оқытушысы:

    Серикбаева Шолпан Ергешовна

    Ағылшын тілінің оқытушысы-қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
     

    Ахмед Уакар

    Ағылшын тілінің оқытушысы - қазақ, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

     

    Оспанова Джазира Дуйсенбековна

    Тілдерді дамыту бөлімінің операторы

    Ағылшын тілінің барлық оқытушылары түрлі бағытта ұлттық, сонымен бірге, халықаралық бағдарламалар бойынша студенттерді оқытуда сөздіктер, бағдарламалар, оқу жоспарларын әзірлеуде үлкен тәжірибеге ие.

    Олар Қазақстанда да, Германияда да бизнестің, ғылым және технологияның түрлі салаларында халықаралық деңгейдегі тәжірибелі аудармашылар және жоғары  білікті оқытушылар болып табылады.

    ТДБ қызметкерлері барлық ғылыми-техникалық әдебиеттерді аударуға, халықаралық байқауларға қатысушыларға, шетел тілдерін оқыту мәселелері бойынша кеңес беруге әрдайым дайын.

    Аударма бойынша қызмет

    ТДБ халықаралық ғылыми конференция материалдарын, мақала, кітап, есеп, құжаттар, келісімшарттар мен түрлі сала қызметтері бойынша  аударма жұмыстарына көмектеседі.

    ОҚМУ студенттері мен оқытушылары үшін арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға кеңес беру мен көмек көрсету

    Қазіргі кезде 9 факультетте 21 мамандық  ағылшын тілінде оқытылады.  Бұл пәндерді ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистрлер жүргізеді. Ағылшын тіліндегі пәндер тізімі өте ауқымды, солардың бірқатары аналитикалық химия, азық-түлік қауіпсіздігі, биохимия, киім құрастыру, қоршаған ортаны қорғау, дискреттік математика және т.б.

    Тілдерді  дамыту  бөлімі  бойынша  ұсынылған  әдістемелік  құралдар:

    • Жоғарғы  оқу   орны  оқытушылары  мен    менеджерлері  үшін   қысқаша  қазақша-орысша-ағылшынша  тілдескіш. 
    • Аккредитация   бойынша  терминдер  сөздігі (қазақша-орысша-ағылшынша) 
    • Химия – технологиялық мамандық студенттеріне және химия мұғалімдеріне арналған лекциялар курсы.

    Қосымша ақпарат алу үшін:

    Телефон: 30-13-93

    Е-mail: lсukgu@уаndeх.ru



     

Жалпы ақпарат

Тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен  қазақ, орыс, ағылшын тілдерін, яғни үш тілді меңгеру саясатын жүзеге асыру мақсатында ОҚМУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен 2005 жылы Лингвистикалық орталық болып құрылған.  2012 жылдың  қыркүйек айында  Мемлекеттік тілді дамыту орталығының бірігуі нәтижесінде Тілдерді дамыту орталығы болып аталды. Ал 2013 жылдың қарашасынан  Ғылыми-зерттеу басқармасына қарап, Тілдерді дамыту бөлімі болып аталды. Тілдерді дамыту бөлімі 2015-2017 жылдар аралығында Инновациялық қызмет жөніндегі проректорға бағынып,  Индустриалды-инновациялық даму орталығына қарайтын. 2017 жылдың 28 тамызынан бастап, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің құрамына өтіп, Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға бағынады.

Тілдерді дамыту бөлімінің негізгі мақсаты мен міндеттері төмендегі жұмыс бағыттарынан тұрады:

  • Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару тілі ретінде пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, ішкі және сыртқы құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілу барысын қадағалау;
  • Мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын  тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру;
  • Студенттердің еңбек нарығындағы ұтқырлығы мен бейімділігін дамыту, оларды лингвистикалық капиталды байыту арқылы заманауи қоғамға бағыттау.

 

Бөлім  әрбір жеке тұлғаның  тіл үйренуде, өз кәсіби саласында қолдануда, шығармашылық жолында, студенттерді оқытуда, ауызекі сөйлесу арқылы  тілдік қарым-қатынас жасауда, оқу, жазу, түсіну, тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда тіл үйренушілердің қажетті лингвистикалық  сұраныстарын қанағаттандырады.

ТДБ  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  құрылымы болып табылады. Ол университеттің Бас ғимаратында орналасып, барлық ақпараттық ресурстармен, қазіргі мультимедиалық тілдік зертханалармен және ыңғайлы дәрісханалармен  қамтамасыз етілген. ТДБ дайындаған бағдарламалар ұлттық және халықаралық деңгейге сәйкес әзірленген.

ТДБ  жыл сайын 30-дан астам тілдік бағдарлама ұсынады және  төмендегі құрылымдық бөлімшелер мен факультеттермен байланыс жасайды

    Курстарда оқыту

  • Тіл курстарында  ОПҚ, қызметкерлер, магистранттар мен студенттер  оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларын білікті және тәжірибелі оқытушылардың көмегімен жетілдіреді.
  • Грамматика бойынша курстарда дұрыс айтылу мен сөйлеуде түрлі тілдік дағдыларды қолданады.
  • Тыңдаушылар  қай тілді оқыса, сол елдің мәдениеті мен дәстүрінен хабардар  болады.

Топ құрамы

  • Топтағы тыңдаушылардың  саны-12-15
  • Қазақ тілін меңгеру дәрежесіне қарай А1-қарапайым деңгей, А2-базалық деңгей, В1-орта деңгей, В2-ортадан жоғары деңгей, С1- жоғары деңгейдегі топтарға бөлінеді.
  • Ағылшын тілін меңгеру дәрежесіне қарай  бастапқы (Elementarу), орта (Pre-intermеdiate), жалғастырушы (Intermеdiate, Upper- Intermеdiate)  және TOEFL, IELTS preparation  деңгейдегі топтарға бөлінеді.
  • Кәсіби бағдарланған ағылшын тілі курстарындағы әр топта 10-12 тыңдаушы  оқытылады. Мұнда ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту кезінде әрбір тыңдаушыға жеке-жеке көңіл  бөлінеді.
  • Орыс тілін меңгеру орта деңгей дәрежесінен басталады.
  • Сабақтар жыл бойы жүргізіледі.

Қабылдау туралы ақпарат

  • Тыңдаушылар диагностикалық тест тапсырып, оның қорытындысы бойынша тиісті деңгейдегі топқа қабылданады.
  • Курстар тілді толық және жылдам меңгеру үшін аптасына 3/5 рет 2 академиялық сағат бойынша жүргізіледі.

 Қолдау көрсету қызметтері

  • ТДБ бағдарламалары ақысыз диагностикалық тестілеуді қамтамасыз етеді, түрлі тілдер мен халықаралық бағдарламалар бойынша тегін кеңес береді және оқып үйренуге көмектеседі.
  • Студенттер, ОПҚ мен қызметкерлер университет куәлігімен кітапханаларды, компьютерлік тілдік зертханаларды және ТДБ-ның басқа да ресурстарын пайдалана алады.
  • Тыңдаушылар  тіл курсының соңында қорытынды емтихан тапсырып, сертификатқа ие болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.