Биотехнология және агроинновация ғылыми-зерттеу институты

Image

PhD докторы, қауымдастырылған профессор «Биотехнология және агроинновация» ғылыми-зерттеу институтының директоры

Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы

+7 747 053 41 71

Почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Scopus ID: 58563752200

Өмірбаяны

Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы

PhD докторы, қауымдастырылған профессор «Биотехнология және агроинновация» ғылыми-зерттеу институтының директоры

Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы 1990 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген.

2007–2011 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Биотехнология» мамандығы бойынша білім алып, техника және технологиялар бакалавры дәрежесін иеленді. 2012–2014 жылдары аталған университетте «Биология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі атанды. 2015–2018 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білімін жалғастырып, «Агрономия» мамандығы бойынша PhD докторлық дәрежесін қорғады.

Еңбек жолын 2009 жылы М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында зертханашы қызметінен бастады. Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу агробиозертханасында жетекші маман, одан әрі зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2018–2020 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінде оқытушы және аға оқытушы болып қызмет етті.

2020 жылы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Ғылым басқармасының бас менеджері қызметіне тағайындалды.

2021 жылы «Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, кейін Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде кәсіпорынның ғылыми-инновациялық және өндірістік әлеуетін дамытуға жетекшілік етті.

Сонымен қатар Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде сеньор-лектор ретінде дәріс оқып, аграрлық бағыттағы мамандар даярлауға үлес қосты.

2024 жылы «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары болды. Кейін «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Сарыағаш өңірлік филиалының директоры қызметін атқарды.

2024–2025 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетінде аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2025 жылдан бастап «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті).

2026 жылғы 25 мамырдан бастап М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Биотехнология және агроинновация» ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарады.

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары – агрономия, ауыл шаруашылығы биотехнологиясы, өсімдіктерді қорғау, мал азығын өндіру, фитопатология, топырақ құнарлылығын арттыру және тұзданған жерлерді рекультивациялау.

40-тан астам ғылыми еңбек, монографиялар, оқу құралдары мен әдістемелік жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы. Бірқатар ғылыми жобалардың жетекшісі және орындаушысы.

2025 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығы ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды.

Биотехнология және агроинновация» ғылыми-зерттеу институты

«Биотехнология және агроинновация» ғылыми-зерттеу институты – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми-инновациялық құрылымы болып табылады. Институт биотехнология, агроөнеркәсіптік кешен, тағам қауіпсіздігі, фитохимия, өндірістік технологиялар және аграрлық инженерия салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізуге және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған.

Институт қызметінің негізгі мақсаты – ғылым, білім және өндіріс интеграциясын қамтамасыз ету арқылы биотехнология және агроинновация салаларында халықаралық деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүргізу, инновациялық технологияларды әзірлеу және олардың коммерцияландырылуына ықпал ету.

Миссиясы

Биотехнология мен агроинновация салаларындағы ғылыми жетістіктерді өндіріспен ұштастыру арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.

Көзқарасы

Орталық Азиядағы биотехнология және агроинновация саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының біріне айналу, ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеу мен енгізудің тиімді платформасын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері

- Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

- Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру;

- Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын орындау;

- Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру және өндіріске енгізу;

- Отандық және шетелдік ғылыми ұйымдармен бірлескен зерттеулер жүргізу;

- Жас ғалымдарды, магистранттар мен докторанттарды ғылыми қызметке тарту;

- Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және патенттік белсенділікті арттыру;

- Университеттің ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсарту.

Ғылыми қызметтің негізгі бағыттары

Институт ғылыми қызметті келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

- Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы;

- Өсімдік және мал шаруашылығы биотехнологиясы;

- Өндірістік биотехнология;

- Тағамдық биотехнология және тағам химиясы;

- Фитохимия және табиғи қосылыстар химиясы;

- Экологиялық биотехнология;

- Биологиялық белсенді заттарды зерттеу;

- Аграрлық инженерия және инновациялық технологиялар;

- Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру;

- Ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды әзірлеу.

Институт құрылымы

Институт құрамында келесі ғылыми бөлімшелер қызмет атқарады:

Ғылыми-зерттеу зертханалары

Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу зертханасы

Өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы биотехнологиялық әдістерді әзірлеу, өнімділігі жоғары және сыртқы орта факторларына төзімді биологиялық объектілерді зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Тағам химиясы және биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасы

Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау, тағамдық шикізатты терең өңдеу технологияларын әзірлеу және функционалдық тағам өнімдерін жасау бағытында зерттеулер жүргізеді.

Өндірістік биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасы

Өнеркәсіптік маңызы бар микроорганизмдерді зерттеу, биотехнологиялық процестерді оңтайландыру және биологиялық өнімдерді өндіру технологияларын әзірлеумен айналысады.

Фитохимия ғылыми-зерттеу зертханасы

Дәрілік және пайдалы өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу, биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу және оларды медицина, фармацевтика мен тағам өнеркәсібінде қолдану мүмкіндіктерін анықтау бағытында ғылыми жұмыстар жүргізеді.

Ғылыми-өндірістік орталық

Аграрлық инженерия және технология ғылыми-өндірістік орталығы

Ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған инновациялық технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және өндіріске енгізу жұмыстарын үйлестіреді. Ғылыми әзірлемелердің тәжірибелік апробациясын жүзеге асырып, өндірістік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады.

Халықаралық ынтымақтастық

Институт шетелдік университеттермен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және өндірістік серіктестермен ғылыми байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды іске асыруға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуға және халықаралық гранттарға қатысуға ерекше мән береді.

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру

Институт ғылыми әзірлемелердің нарыққа шығуына және өндіріске енгізілуіне басымдық береді. Осы мақсатта ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, стартап-жобаларды қолдау, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту және технологияларды трансферттеу жұмыстары жүргізіледі.

Кадрлық әлеует

Институт құрамында ғылым докторлары, PhD докторлары, қауымдастырылған профессорлар, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және тәжірибелі зерттеушілер қызмет атқарады. Ғылыми мектептерді дамыту және жаңа буын зерттеушілерін даярлау институт қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Басымдықтар

Институт қызметі Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық даму басымдықтарына, өңірлік экономиканың қажеттіліктеріне және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

«Биотехнология және агроинновация» ғылыми-зерттеу институты ғылым мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ете отырып, инновациялық экономика мен жоғары технологиялық өндірістердің дамуына өз үлесін қосады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос