Музей

Мұражай тарихы 1983 жылдан басталады. 1998 жылы ОҚТУ мен ОҚГУ бірігіп М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті құрылған соң екі музейді біріктіру шешімі қабылданды. 2003 жылы музей толығымен уақыт талабына сай  стильде, өзіндік дизайнмен қайта құрылып, бас ғимараттың бірінші қабатынан бөлме берілді. Музейдің дизайн жобасын танымал сәулетші Мәлік Сапарғалиев жасады. Жалпы мұражай заманауи үлгіде капсула пішінде мамандандырылған арнайы мұражай болып есептеледі.

Мұражайға 5 мыңнан астам көне жәдігер қойылған. Атапа айтқанда:

-Өлкенің жоғарғы техникалық және педагогикалық білімінің қалытасуына   елеулі  үлес  қосқан атақты ғалымдар, профессорлар, доценттер туралы мәліметтер қойылған;

-Студенттердің әр түрлі уақытта оқыған  пәндер жиынтығын және оны оқыту әдістемемелері жәдігер етіп сақталған;

-Университеттің әр жылдарда болған атақты түлектері туралы деректер бар;

-«Ислам және заман», «Bulding amerikas»,  «Presions heritage», «Санкт-Петербург», «Түркия туралы», «Созақ елі» секілді жәдігер кітаптар қоры жинақталған.

-Музейдің бұл бұрышы қазақ халқының бай мәдени мұрасын танытатын киіз үй жабдықтары мен ұлттық тұрмыстық заттар арқылы ерекше атмосфера қалыптастырады. Экспозициядан келушілер халқымыздың салт-дәстүрі, шеберлік өнері мен тұрмыс-тіршілігін терең сезіне алады. Ұлттық нақыштағы бұл бұрыш – жастарға рухани тәрбие беріп, ата-бабаларымыздың өмір салты мен өнерін насихаттауға бағытталған құнды мәдени орын болып табылады.

Музейдегі 2 сенсорлы интерактивті  экран арқылы жәдігерлермен де танысуға болады. Жылына  музейге орта есеппен  6000 адам келеді (Қазақстан, алыс-жақын шет елдерден қонақтар, зиял қауым өкілдері, ғалымдар, студенттер, мектеп оқушылары)


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.