Image
Басқарма Төрағасы-ректор

Философия докторы (PhD), профессор
ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ректорының жеке блогында қарсы алуға қуаныштымын!

Бұл алаң студенттермен, талапкерлермен, ата-аналармен, профессор-оқытушылар құрамымен, қызметкерлермен, түлектермен және университетіміздің барлық серіктестерімен ашық әрі сындарлы байланыс орнату мақсатында құрылған.

Осы парақша арқылы өзіңізді толғандырған сұрақтарды қойып, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Университет қызметін жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға және оқу ордамыздың қоғамдық өмірін жандандыруға бағытталған әрбір бастама біз үшін маңызды.

Ашық диалог, өзара сенім және тұрақты кері байланыс – университеттің табысты дамуының басты қағидаттарының бірі. Сондықтан Сіздердің ұсыныстарыңыз бен сындарлы пікірлеріңіз басқарушылық шешімдер қабылдауда маңызды орын алады.

Бұл блог өзара тиімді ақпарат алмасудың, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылаудың және оларды шешудің тиімді алаңы болады деп сенемін.

Біз әрдайым ашық пікір алмасуға дайынбыз. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият қаралып, заңнамада белгіленген тәртіппен жауап беріледі. Бірде-бір сауал назардан тыс қалмайды.

Құрметпен,
Басқарма Төрағасы-ректор

Мұхтар Әділбекұлы ТӨЛЕГЕН

1 сұрақ: Сəлеметсізбе?! АП факультетіне практикаға баратын көлік қамтамасыз етілсе екен. Біз дуальный системада оқығандықтан, практикалық сабақтарымыз Қайнарбұлақта өтіледі. Ал, онда барып келуіміз қиындау. Қазір бізде практика болғандықтан, күнде Қайнарбұлаққа барып келеміз. Қайнарбұлаққа К. Маркстан бір ғана автобус жүреді ( 70 жəне онда адам көп болады үнемі) Біз автобус күтіп барамыз дегенше көп уақыт жоғалтамыз. Aika 03.04.2019 10:28

Жауап: Құрметті Aika!

Ауылшаруашылығы ғылымдары Жоғары мектебінің студенттері Қайнарбұлақ ауылындағы оқу-ғылыми өндірістік кешенінде практикалық сабақтар өтеді. Университет басшылығы студенттердің Қайнарбұлақ ауылына барып-қайтуын дұрыс ұйымдастыру мақсатында Шымкент қаласының  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Қ.Ә.Жұматаевқа аталған бағытқа автобус көлігін көбейтіп, студенттер үшін жол ақысын жеңілдету туралы хат жолдады.

2 сұрақ: Сәлеметсіз бе! Мен осы семестрде отбасылық жағдайларға байланысты оқуымды М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не Алматы қаласынан ҚазҰУ -нен мемлекеттік грант бойынша оқу орнымды өзгерткен тұғынмын.Сабақтардан айырмашылықтарды(разница) барлығын жақсы тапсырдым.Енді жауапты қызметкерлердің айтуы бойынша Наурыз айынан бастап степендия алатынымды қуантты.Бірақта мен Қаңтар,Ақпан, жәнеде мемлекеттік грантпен оқитын студенттерге берілетін дорожка деймізғой оныда алмайтынымды айтты.Бұл қаншалықты дұрыс?Осы сұрақ менімен қоса отбасымды да мазалап жатыр...Заң бойынша солайма? Осы жайттың анығын өзіңіз түсіндіріп жібере аласыз ба.Алдын ала жауап үшін рахмет сізге ! Балжан 19.03.2019 03:48

Жауап: Құрметті Балжан!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» №116 қаулының 2-тарау 10- тармақшасында «Бір оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық (разница) жойылғаннан кейін белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді» деп көрсетілген. Яғни, Сіздің сабақ айырмашылықтарын тапсырып жүрген кезеңге  (ақпан айлары) стипендия тағайындалмайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жыл 4 желтоқсандағы №677 бұйрығында «Қоса беріліп отырған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін» деп көрсетілген. Сәйкесінше, Сіз қысқы каникул кезінде Алматы қаласы ҚазҰУ құрамында болғандықтан, бұл аралықтағы жол өтемақысы қарастырылмаған.

3 сұрақ: Добрый день! Я студент 1-го курса ЮКУ им.М.О.Ауезова. Учусь на платной основе, по профессии юриспруденция. В каких случаях студентам предполагается скидка в общем? И можно ли добиться скидки на оплату обучения по личным характеристикам и данным во блага нашего университета? Если, да то какие меры нужно предпринять? А также, хотел бы вам предложить индивидуальный прием студентов и преподавателей где они могли бы предложить вам свои идеи во благо нашего университета или же пожаловаться на определенную проблему, которую вы помогли бы разрешить правильным и честным методом. Тимур 14.03.2019 21:46

Жауап: Уважаемый Тимур!

В соответствии Положением СМК ЮКУ «О предоставлении скидок по оплате для обучающихся в Южно-Казахстанском государственном университете имени М.Ауезова» скидки на оплату обучения предоставляется студентам-сиротам,  студентам-инвалидам, студентам родители которых являются инвалидами, студентам-спортсменам, студентам из малообеспеченных семей, студентам который из одной семьи одновременно на платной основе обучаются 2 и более студентов, а так же студентам-активистам.

Для ознакомления вышеуказонным Положением можете обратится в деканат факультета или №262 кабинет главного корпуса.

Прием ректора студентов и преподователей осуществляется согласно графика.

БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.