Ғылым бағытында жетістікке жеткен студенттер

Жүрсінай Серікбаева
Магистрант, «Қаратау фосфориттерінен алынған экстракциялық фосфор қышқылы құрамының сульфоаммофос сапасына әсерін зерттеу» бойынша жобаны зерттеуде. Ол универсиетте өткен «Менің алғашқы стартапым» жобасында 500 000 теңге грант ұтып алды.

Рахат Сакенова
«Химиялық инжененрия және биотехнология» жоғары мектебінің "Ғылыми химия" мамандығы бойынша білім алып жатқан озат студент. Халықаралық деңгейдегі байқауда жоғары жетістікке қол жеткізіп, «Орта Азияның үздік студенті» атағына ие болды.

Дина Мырзаханқызы
«Ғылым» бағыты бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Республикалық байқауының 2024-2025 жылдардағы жеңімпазы

Лаура Абдулла
XVII республикалық пәндік олимпиаданың II дәрежелі дипломы мен шығармашылық тапқырлық көрсеткені үшін сертификат берілді. «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелер» атты студенттердің және жас ғалымдардың 27 ғылыми-практикалық конференциясында І орынмен марапатталған. «Ғылым мен Жастар – табысты болашақтың сенімді кепілі» тақырыбында XXVIII республикалық студенттік ғылыми конференциясында «Үздік зерттеуші» атанды. Course certificate “Word Forms and Simple Present Tense”

Амалия Бекметова
«Ғылым мен жастар – табысты болашақтың сенімді кепілі» тақырыбындағы 28 республикалық студенттік ғылыми конференцияда 2 дәрежелі диплом алды. «Инновациялық сессия (Хакатон) «Skills and Taste Hackathon& Бүгінгі шебер – ертеңгі маман» және «Қолданбалы мамандықтар фестивалінде» 1 орын, «Auezov University-2024» халықаралық онлайн қысқы мектебінің «Ауыл шаруашылығын қазіргі жағдайларда инновациялық дамыту» бағыты бойынша халықаралық мектеп сертификаты иегері
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз

