Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті
Тәрбие ісі және жастар саясаты
департамент директоры:
Зулпанов Шакен Манапович
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Мекен-жайы: 160012. Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы
ОҚУ, бас ғимарат, 268 каб.
телефон: +7 777 917 8992
e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тәрбие жұмысының мазмұны – Ұлттың жаңа болмысын жасаушы, жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында, қоғамдық тарихи тәжірибені ендіре отырып, Абайдың «Толық адам» ілімі негізінде «Бес асыл ісіне» бағытталған жастарды тәрбиелеу;
1) Талап – Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, терең білімді 21 ғасыр ұрпағын тәрбиелеу; студенттердің өздігінен ізденуі мен зерттеушілік іс – әрекетін, кәсіби мәдениетін, шығармашылық қасиетін дамыту; өзіне сын көзбеу қарау, өзінің істеген ісіне баға бере алуына баулуға бағытталған студенттік өзін – өзі басқаруы.
2) Еңбек – Студенттік стартап бойынша білім алушыларды кәсіпкерлікке машықтанған, заманауи технологияларды меңгергеруіне баулу; Еңбекке деген сүйіспеншілік, басқаның еңбегіне құрметпен қарауға бейімдеу, қоғам мүлкіне қамқорлықпен қарауға баулу; «Ізгілік елшісі», «Әуезовшілер еріктілер қозғалысы», «Цифрлы еріктілер» қозғалыстарын жандандыру.
3) Терең ой – Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің әр түрлі әдістерін ғылыми тұрғыда іске асыруға басшылық ете отырып, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға жағдай жасау; Халықаралық, ұлттық деңгейдегі интелектуалды турнирлер; Киберспортты жүзеге асыру; Студенттер арасында бұқаралық спортты, спорт секцияларын дамыту.
4) Қанағат – Адалдық пен парасаттылықты ту еткен ұрпақ қалыптастыру; «Саналы ұрпақ», сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін орта қалыптастыру; «Академиялық адалдық лигасына» мүше болу.
5) Рахым – Мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге әлеуметтік тұрғыдан қолдау, қоғамға бейімдеу жұмыстары; Білім алушылар арасында толеранттылық қалыптастыру; Педагогикалық – психологиялық іс-шараларды ұйымдастыру, коучинг пен менторлықты арттыру.
«Қазақстан -2050» стратегиясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мәңгілік Ел» жасаушы, бәсекеге қабілетті, зияткер ұлт қалыптастыратын жастарды тәрбиелеу.
Негізгі міндеттер:
- сапа саласындағы ОҚУ-дың саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;
- сапа саласындағы міндеттемелерді және сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;
- Тәлімгерлер Кеңесінің жұмысына үйлестіру;
- бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді меңгерген, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, демократия принциптері мен діни төзімділікке оң пікірі бар, тәуелсіздік құндылықтарын қорғай білетін, аға ұрпақты үлгі тұтып, дәстүрлі құндылықтарды құрметтейтін зияткер жастарды тәрбиелеу.
Негізгі қызметтері:
- Студенттердің түрлі қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту;
- ЖОО оқытушылар құрамы мен студент жастары арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен мемлекеттік бағдарламаларын насихаттау;
- Студенттік жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу;
- Студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу;
- Университеттің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес өткізілетін барлық іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру, басқару;
- Академиялық топтарда тәлімгерлердің жұмысын үйлестіру, бақылау және талдау;
- Студенттік активтің қызметін үйлестіру және бағыттау, студенттік бастамаларды іске асыруға белсенді көмек көрсету;
- Студент жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
- Жастар саясатын іске асыруда үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
- облыстық және қалалық Ішкі саясат бөлімімен, жастар орталықтарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
- Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты қалыптастыру;
- Әлеуметтік мұқтаж студенттерге қолдау көрсету.