Студенттерді әлеуметтік қолдау бөлімі

Бөлім басшысы: Мамыт Әлия Аралбайқызы.

 Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.,

160012,Тәуке Хан даңғылы -5,

М. Әуезов атындағы ОҚУ,

Бас ғимарат, 270 кабинет.

Байланыс телефондары: 8(7252) 30-08-40

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

«Студенттерді әлеуметтік қолдау» бөлімі

Негізгі қызметі:

- сапа саласындағы ОҚМУ саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;

- сапа саласындағы міндеттемелерді және сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік мәселелер бойынша талаптарын орындау;

- 12.03.2012ж. №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға көмек көрсету өлшемін, көздерін, түрлерін және Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру;

- СМЖ ОҚМУ Е 6.10-2020 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» Ережесін жүзеге асыру;

- ата-анасынан айырылған студенттермен жұмыс жасау;

- әлеуметтік мұқтаж студенттерге көмек көрсету барысында құқық бұзушылыққа жол бермеу және ашықтық болуын қамтамасыз ету;

- әлеуметтік мұқтаж топтағы студенттер статистикасын жүргізу, ата-аналарымен байланыста болу;

- әлеуметтік мұқтаж топтағы студенттер туралы мәліметтерді тиісті орындарға және сұраныс бойынша (БжҒМ, өкілетті ұйымдар т.б) беру;

-студенттерге, әлеуметтік мұқтаж топтағы студенттерге мемлекет тарапынан берілетін көмектерді алуға ықпалдасу;

-ерекше білім беруді қажет ететін және мүгедек студенттердің мүдделерін қолдауға, қорғауға, оларға көмек беруге ықпалдасу;

-инклюзивті білім алушылардың құқығын, қызығушылығын қорғау (https://auezov.edu.kz/kaz/paraktar-kz/).

 

УНИВЕРСИТЕТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУЛАР

 

  • Оқу ақысы үшін жеңілдіктер беру ( «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» Ережесіне сәйкес, ақпарат сайтта)

  • Ата-анасынан қамқорлығынан айырылған тұл жетім немесе қамқоршысы бар білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету:

- Толығымен мемлекет қамқорлығындағы жетім студенттерге мемлекеттік стипендияның 50% мөлшеріндегі стипендия тағайындалады (20.11.2019 ж. Қазақстан Республикасының редакцияланған №859 Жарлығының 21-тармағына сәйкес);

- Азаматтар қамқорлығындағы жетім студенттерге және тұл жетімдерге емтихан нәтижесі бойынша оқу үлгерімі «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» болған жағдайда білім алушының стипендиясына 30% қосымша үстемақы төленеді (05.08.2020 ж. Қазақстан Республикасының №498 редакциялық Қаулысы, 6-тармағына сәйкес);

- ай сайынғы тамақ үшін берілетін ақшалай өтемақы (12.03.2012 ж. Қазақстан Республикасының №320 Жарлығына сәйкес);

- бір реттік киім үшін берілетін ақшалай өтемақы (12.03.2012 ж. Қазақстан Республикасының №320 Жарлығына сәйкес);

- оқуға түскенде (2 АЕК) және оқу бітірген кезде (4 АЕК) берілетін бір реттік ақшалай жәрдемақы (12.03.2012 ж. Қазақстан Республикасының №320 Жарлығына сәйкес)

  • Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың (ДКК және мүгедектігі жайында анықтаманың жарамдылық мерзіміне байланысты – көру және есту қабілеті нашар жандар) стипендиясына 75% қосымша үстемақы төлеу (05.08.2020 ж. Қазақстан Республикасының №498 редакциялық Қаулысы, 6-тармағына сәйкес)

  • Студенттер үйінде (жатақханада) тұру жеңілдіктерін беру (ерекше білім алушыларға – мүмкіндігі шектеулі, ата-анасынан айырылған жандарға ақысыз жатын орын беріледі;)

  •  Алғашқы медициналық көмек;

  • Халықаралық, республикалық және қалалық фестиваль мен байқаулардың, олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздарына, университеттің қоғамдық жұмысындағы белсенді студенттерге ынталандыру мақсатында оқу ақысына жеңілдіктер беру ( «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» Ережесін сәйкес,);

  • Әлеуметтік мұқтаж топтағы студенттер оқу ақысын төлеу, оларға материалдық көмек беру мақасатында демеушілер тарту;

  • «Денсаулық», «Буревестник» оқу-жаттығу орталығында тегін спорттық үйірмелер мен секциялар қатысу.

 

Білім алушыларға оқу төлемақысына берілетін жеңілдіктер

 

1. Ата-анасынан айырылған, тұл жетім студенттерге.

2. І,ІІ,ІІІ топ мүгедектігі бар білім алушыларға.

3. Жалғызбасты ана-студентке (2 және одан көп балалы) .

4. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да бір отбасынан бір мезгілде ақылы негізде 2 немесе одан да көп бала оқыса.

5. Ата-аналарының бірі I,II,III топ мүгедегі болып табылатын студенттерге.

6. Университет абыройын көтеріп жүрген спортшы студенттерге:

а) олимпиада ойындарына қатысушы білім алушыларға;

б) халықаралық сайыстар жеңімпаздары (универсиада, олимпиада, Азия, әлем чемпионаты және т.б);

в) республикалық сайыстар жеңімпаздары (түрлі ресми біріншіліктер, универсиада және т.б).

7. Республикалық, халықаралық білім олимпиадасы, түрлі зияткерлік және шығармашылық сайыстар жеңімпаздарына.

8. Университет бастамасымен өткізілетін оқушылар арасындағы түрлі зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына.

9. Облыстың, қаланың, университеттің қоғамдық - саяси және әлеуметтік өміріне жүйелі түрде қатысатын және университеттің оң имиджін қалыптастыруға, дамытуға үлес қосып жүрген белсенді студенттерге.

10. Университет қызметкерлерінің балаларына.

 

Студенттерге оқу ақысына жеңілдіктер бір оқу жылына беріледі.

Себепсіз емтихандарын уақытылы тапсырмаған және университет ішкі тәртібін бұзған студенттер келесі семестрден оқу жеңілдігінен айырылады.

Студенттердің жеңілдікке ұсынған құжаттары бірінші факультет/ жоғары мектеп деканаттарында қаралады, талапқа сәйкес құжаттар декан атынан арнайы комиссияға ұсынылады. Құжаттарды қабылдау әр оқу жылының қыркүйек айында жүзеге асырылады. Комиссия отырысы және бұйрық жобасы қазан айында дайындалады.

Жеңілдікке ұсынған студенттер құжаттары комиссия қарауынан өтіп, университет Ғылыми кеңесінде қаралғаннан кейін бұйрық шығады.
 

Оқу ақысына жеңілдіктер алған студенттер саны

Учебный год Общее Ата-анасынан айырылған Мүгедек студенттер Ата-анасы мүгедек Көпбалалы отбасынан Аз қамтылған отбасынан Спортшылар Шығармашылық және зияткерлік жетістіктер Отбасынан 2 студент (ОҚУ) Белсенді студенттер Ун.қызметкері Ун. сертификаты
1 2018-2019 422 19 20 113 - 70 51 27 110 12   -
2 2019-2020 509 30 25 150 4 111 62 14 103 5   5
3 2020-2021 519 42 26 110 99 52 81 8 89 4   8
4 2021-2022 540 31 26 141 132 24 53 26 90 -   17
5 2022-2023 529 23 24 115 147 11 56 27 110 10   6
6 2023-2024 619 6 43 131 188 26 73 18 108 26   22
7 2024-2025 650 1 29 127 245 17 71 15 105 26   14
8 2025-2026 824 10 28 150 272 72 87 10 135 11 38 11

 

 Ерекше білім беруді қажет ететін студенттер мен мүгедек студенттерге оқу ғимаратында кедергісіз білім алу үшін жасалған жағдайлар мен қолдаулар:

 

-ерекше білім беруді қажет ететін студенттер мен мүгедек студенттердің кедергісіз білім алуы үшін оқу ғимараттары Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес жабдықталған;

- ерекше білім беруді қажет ететін студенттер мен мүгедек студенттерге қажет болған жағдайда жедел алғашқы медициналық көмек көрсетіледі;

-мүгедек студенттер жатақханамен тегін қамтамасыз етіледі;

- студенттік жатақханада арнайы бөлмемен қамтамасыз етіледі;

- ерекше білім беруді қажет ететін студенттер мен мүгедек студенттерді ақпараттық білім беру орталығы (кітапхана) арнайы кітап қорымен, оқу құралдарымен, электронды оқулықтармен қамтамасыз етеді;

- студенттердің қажеттілігіне қарай инклюзивті кабинетпен қамтамасыз етіледі;

- ерекше білім беруді қажет ететін студенттер мен мүгедек студенттердің өтініштеріне сәйкес сабақ кестелерін бейімдейді;

-білім алушының денсаулығы мен өтінішіне орай қашықтықтан білім беру технологиясы арқылы сабаққа енуге рұқсат береді;

- білім алушының өтініші бойынша емтихан тапсыру формасын (ауызша, жазбаша, қашықтықтан) таңдау мүмкіндігі беріледі;

-оқытушы-профессор құрамы жүйелі түрде инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос