Визалық қолдау

Шетел азаматтарына

Уақытша тұруға рұқсат (УТР) алу

1) Жақын шетел елдерінің азаматтары студенттерге заңды мәртебе алу үшін УТР (Уақытша тұруға рұқсат) рұқсатты ресімдеу қажет.
2) Ол үшін құжаттар тізімін жинап, Халықаралық ынтымақтастық орталығына тапсыру қажет.
3) Халықаралық байланыстар орталығы өз кезегінде бір жұмыс күні ішінде шетелдік студентке университеттің сұраныс хаты мен сенімхатын береді.
4) Шетелдік студент университеттен сұраныс хат пен сенімхатты алған соң, Жасталап 168 мекенжайындағы көші-қон ХҚКО-ға барып, УТР алу үшін өтініш беріледі.
5) УТР алғаннан кейін шетелдік студент осы құжаттың көшірмесін Халықаралық ынтымақтастық орталығына тапсырады.
 
Мекен-жайы: Қазақстан, Шымкент, Тәуке хан көшесі, 5, В ғимарат, 217 кабинет
Телефоны: +7 (7252) 21-41-52

1)  М.Әуезов  атындағы ОҚМУ-ға  оқуға  түсу  үшін  шетелдік азаматтарға   білім  алу  үшін  (С9) категориялы  виза рәсімделеді. Ол «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен Бұйрығына  сәйкес жүзеге  асырылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 14531 болып тіркелген.

2) Талапкерлердің  анкетасын  толтыруы; 

2) Өтініш  нысанын  толтыру;   

3) Барлық  толтырылған  құжаттарды және  паспорт  көшірмесін 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды  поштасына -  Халықаралық  байланыстар  орталығының   хаттамалық – визалық секторына  жіберу;

4) Электрондық  жәшік  адресі  талапкердің   өзінің  жеке  жәшігі  болуы  тиіс,  әрбір  талапкер  тек  бір ғана  жәшікпен  пайдалана  алады. Өзге  талапкерлердің  бір электрондық  жәшікпен  қолдануына  болмайды.

  • Егер қосымша  сұрақтар  туындаған  жағдайда  Сіздермен  ХБО орталығының  мамандары What’s арp!, Skype, IMO мессенджерлері  арқылы  байланысады.  

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.