Eurasia Foundation (From Asia)
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға, білім беру бастамаларын қолдауға және бейбіт әрі үйлесімді қоғамды дамытуға бағытталған халықаралық ұйым — Eurasia Foundation (from Asia)-мен халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді.
Университеттің Eurasia Foundation (from Asia)-мен серіктестігі білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және студенттер мен оқытушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Осы ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі университеттің «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» атты оқу курсын әзірлеу және енгізу мақсатында Eurasia Foundation (from Asia) грантын жеңіп алуы болды. Жоба өңірлік өзара іс-қимылдың заманауи үдерістерін зерттеуге, білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Университет Eurasia Foundation (from Asia) ұйымының қолдауын жоғары бағалайды және серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуды білім сапасын арттырудың, ғылыми зерттеулерді ілгерілетудің және халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасудың маңызды факторы ретінде қарастырады.
Eurasia Foundation (from Asia) қорының жобасы шеңберінде M. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістеріне арналған дәрістер курсы өткізілді
M. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде халықаралық Eurasia Foundation (from Asia) жобасының қолдауымен ұйымдастырылған «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» оқу курсы аясында дәрістер топтамасы сәтті жүзеге асырылды.
Дәрістерге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары шақырылған лектор ретінде қатысып, өңірдегі интеграциялық үдерістердің даму бағыттары, экономикалық ынтымақтастық, мәдени дипломатия, геосаясат және Орталық Азияның орнықты дамуы мәселелері бойынша өзекті ғылыми көзқарастарын ұсынды.
Бағдарлама аясында Astana IT University, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және M. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессорлары мен зерттеушілері онлайн дәріс оқыды.
Дәрістердің мазмұны Орталық Азияның жаһандық экономикадағы рөлі, өңірлік экономикалық интеграция, мемлекеттер арасындағы өзара жақындасудың құралы ретіндегі мәдени дипломатия, өңірлік ынтымақтастықтың геосаяси қырлары, саяси институттардың дамуы және интеграциялық үдерістердің әлеуметтік аспектілері сияқты өзекті тақырыптарды қамтыды.
Іс-шараларға «Саясаттану» кафедрасының студенттері белсенді қатысты. Өткізілген дәрістер академиялық диалогты кеңейтуге, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және білім алушылардың Орталық Азиядағы заманауи интеграциялық үдерістер туралы кешенді түсінігін қалыптастыруға ықпал етті.
Аталған дәрістер білім беру үдерісін интернационалдандыруға, сондай-ақ Eurasia Foundation (From Asia) жобасы аясында Қазақстан университеттері арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға маңызды үлес қосты.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз









