М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде профессор Kim Youen «AI and Prospects for East Asian Regional Integration» тақырыбында онлайн дәрісі өткізді

2026 жылғы 10 наурызда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде, «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» атты халықаралық оқу курсы аясында, Eurasia Foundation (from Asia) гранттық қолдауы шеңберінде профессор Kim Youen «AI and Prospects for East Asian Regional Integration» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Дәріс барысында жасанды интеллекттің қазіргі даму үрдістері және оның Шығыс Азиядағы өңірлік ынтымақтастық үдерістеріне ықпалы қарастырылды. Профессор цифрлық трансформация жағдайында өңірлік интеграцияның даму перспективаларына талдау жасап, инновациялық технологиялардың мемлекетаралық әріптестікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.
Онлайн дәріске «Саясаттану» кафедрасының студенттері белсене қатысып, Шығыс Азия елдеріндегі интеграциялық үдерістер мен заманауи технологиялардың даму үрдістері бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос