М. Әуезов атындағы ОҚУ-де халықаралық сарапшы Kim Youn Kyoo дәріс оқыды
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да халықаралық сарапшы Kim Youn Kyoo дәріс оқыды
2026 жылғы 3 наурызда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Саясаттану» кафедрасы студенттеріне халықаралық сарапшы Kim Youn Kyoo «21st Century Geopolitics and Technology: Trump and Rare Earth Geopolitics» тақырыбында дәріс оқыды.
Іс-шара Eurasia Foundation (from Asia) гранттық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» халықаралық оқу курсы аясында ұйымдастырылды.
Дәріс барысында геосаясат, технологиялық даму және сирек жер элементтерінің әлемдік экономика мен халықаралық қатынастардағы стратегиялық маңызы мәселелері талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, қазіргі жаһандық үдерістер туралы жаңа білім алды.
Мұндай іс-шаралар халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға ықпал етеді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз






