«Мамандығым – болашағым»: әдістемелік семинардың жұмысы қорытындыланды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Мамандығым – болашағым» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған екі күндік әдістемелік семинар қорытындыланды.
Семинардың екінші күні тәжірибелік сессияларға арналып, оған салалық сарапшылар, білім басқармасының өкілдері, жұмыс берушілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары қатысты.
«Мамандығым – болашағым» бағдарламасы кеңсесінің жетекшісі Марина Скиба кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасы негізінде білім беру шешімдерін әзірлеу алгоритмін таныстырып, осы бағыттағы негізгі қадамдарға тоқталды. Тәжірибелік жұмыс барысында қатысушылар перспективалық және трансформацияланатын кәсіптерге қажетті құзыреттерді айқындап, еңбек нарығы талаптарындағы алшақтықтарды анықтады. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларына микроквалификациялар, Minor бағдарламалары мен жаңа модульдерді енгізу жолдары талқыланды.
Сессия қорытындысында топтар өз жұмыстарын таныстырып, Шымкент қаласының білім беру шешімдерінің өңірлік портфелін қалыптастыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасы нәтижелерін енгізуге бағытталған «2026–2028 жылдарға арналған Жол картасын» қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Семинардың қорытынды бөлімінде Марина Скиба кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасын әзірлеудегі Әуезов университетінің үлесін атап өтіп, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен университет басшылығына алғысын білдірді. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.