Жаңалықтар
Ғылыми кеңестің жаңа құрамы: жаңа белестер мен келелі шешімдер
- Қаралды: 16
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Ғылыми кеңесінің жаңа құрамын сайлау бойынша жалпы жиналыс өтті. Бұл жиынның оқу орнының дамуында алатын орны ерекше. Өйткені университеттің жоғары алқалы басқару органы саналатын, 45 мүшеден тұратын Ғылыми кеңестің құрамы сайланып, алдағы жоспарлар нақтыланды.
Атап өткеніміздей, отырыста Ғылыми кеңестің жаңа құрамына енгізілген өзгерістер талқыланып, университеттегі білім сапасын жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, кадрлық әлеуетті арттыру, білім мен ғылымның өзара ықпалдастығын күшейту бағытындағы алдағы міндеттер айқындалды.
Университетте заманауи ғылыми-білім беру ортасын қалыптастыру – стратегиялық мақсаттардың бірі. Осы ретте ғылыми жобаларды қолдау, зерттеушілердің мүмкіндіктерін кеңейту, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және ғылым нәтижелерін өндіріске енгізу мәселелеріне ерекше мән беріледі.
Сонымен қатар аталған жиналыста университет телестудиясына белгілі журналист, телерадио саласының көрнекті өкілі Байдулла Қонысбектің есімін беру туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Бұл – университеттің ақпараттық-ағартушылық бағытын дамытуға, отандық журналистика мен медиа саласына елеулі үлес қосқан өңіріміздің көрнекті тұлғасының есімін жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған маңызды қадам.
Алдағы кезеңде университеттің жаңа құрамдағы Ғылыми кеңесі оқу орнының стратегиялық міндеттерін, заманауи жоғары білім беру талаптарына сай жаңа бастамаларды жүзеге асыруға барлық күш-жігерін жұмсайтынына сеніміміз мол.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз