Жаңалықтар
Мұхтар Төлеген: «Әр қызметкердің бастамасына қолдау көрсетіледі»
- Қаралды: 14
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген жаңадан жұмысқа қабылданған және еңбек шартын ұзарту мәселесі қаралып жатқан қызметкерлермен сұхбаттасып, пікір алмасты. Мұндағы мақсат – әріптестердің университетке бейімделу барысын білу, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және алдағы жұмыс бағыттарын талқылау.
Жұмысқа орналасып жатқан әріптестер қатарында барлық саланың өкілдері бар. Оқытушы, зерттеуші-ғалым, психолог, аудармашы, жастар саясаты т.б. сала өкілдерінің жоғары қызығушылықпен жұмысқа кірісіп жатқаны көңіл қуантты. Өйткені әрбір қызметкердің кәсіби әлеуеті мен бастамасы университеттің дамуы үшін маңызды. «Сондықтан жас мамандарға өз идеяларын жүзеге асыруға, кәсіби тұрғыдан өсуге және университет өміріне белсенді араласуға барынша жағдай жасауымыз қажет»-деді Мұхтар Әділбекұлы.
Кездесу барысында еңбек тәртібі, қызметтік жауапкершілік, кәсіби даму, ұжымдық мәдениет және университеттің стратегиялық мақсаттарына үлес қосу мәселелері айтылды. Мұндай кездесулер – ұжым мен басшылық арасындағы ашық диалогты қалыптастырудың маңызды құралы. Әр қызметкердің пікірі ескеріліп, нақты ұсыныстармен бастамаларға қолдау көрсетілетін болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз