КИНГ СЕДЖОНГ ИНСТИТУТІНДЕ КОРЕЙ ТІЛІН ОҚЫТУ БОЙЫНША КҮЗГІ СЕМЕСТРДІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

2025 жылдың 30 желтоқсанында Кинг Седжонг институтінде корей тілін оқыту бойынша күзгі семестрдің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Іс-шараға корей тілі курстарының тыңдаушылары — университет студенттері, сондай-ақ корей тілі мен мәдениетін үйренуге тұрақты қызығушылық танытып жүрген Шымкент қаласының тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын барысында оқу семестрінің қорытындылары шығарылды. Бастапқы және орта деңгей бағдарламалары бойынша оқуын сәтті аяқтаған 60-тан астам тыңдаушыға курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Корейлік оқытушылар білім алушылардың жоғары мотивациясын, оқу үдерісіне белсенді қатысуын және тек тілге ғана емес, Корея Республикасының мәдениетіне деген шынайы қызығушылығын атап өтті.

Салтанатты рәсім ресми әрі мерекелік жағдайда өтіп, университеттің білім беру өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды. Іс-шара Кинг Седжонг институтінің халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығын дамытудағы рөлін айқын көрсетті.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос