Жаңалықтар
**ARIZONA STATE UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ САПАРЫ**
- Қаралды: 11
2025 жылғы 25 тамызда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Arizona State University (АҚШ) делегациясының ресми сапары өтті. Делегацияны жаһандық академиялық бастамалар жөніндегі вице-президент Джулия Розен және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша аймақтық басқарушы директор Чари Багджиоглу бастап келді.
Кездесу барысында тараптар университеттердің қызметін таныстырып, академиялық бағдарламаларды дамыту, екіжақты ғылыми зерттеулер мен бірлескен білім беру бастамаларының перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Әуезов университеті ғалымдарының ғылыми жетістіктері көрмесі ұйымдастырылып, қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында студенттерді даярлау барысы таныстырылды.
Arizona State University делегациясының сапары халықаралық әріптестікті нығайтуға және Әуезов университетінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциясын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз








