Объявление

Хабарландыру

Магистратураға және доктарантураға түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде мемлекеттік үлгідегі жоғары кәсіби білім туралы дипломыбар (бакалаврдың немесе маманның дипломы) тұлғалар қабылданады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар М. Әуезов атындағы ОҚМУ магистратурасына Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық  шарттар мен келісімдердің белгіленген тәртіптерімен қабылданады.
Бюджет есебінен оқу үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ  магистратурасына қабылданатын азаматтардың саны ҚР БҒМ конкурстық негізінде жыл сайын шығарылатын мемлекеттік білім тапсырысының аясында анықталады. Сондай-ақ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ ақылы негізде білім алу  үшін белгіленген жоспардан тыс магистратураға қабылдауды жүзеге асырады.
Магистратураға және докторантураға түсу үшін келесідей құжаттар тапсырылады:

  • университет ректорының атына өтініш;
  • жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжаттың көшірмелері;
  • бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • 3,5x4,5 көлеміндегі 6 фотосурет;
  • бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
  • ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыруды және оқудың шығын төлемақысын кепілдендіретін хат;
  • құжаттар тізімдемесі.

Өтініштерді қабылдау 1 шілдеден 30 шілдеге дейін өткізіледі. Түсу емтихандары 1 тамыздан 30 тамызға дейін. Оқу орнына қабылдау- 27 тамыз.
Магистратураға түсушілер шет тілдерінің біреуінен (ағылшын, француз, неміс) және мамандық пәні бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
Магистратураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі), мамандық бойынша тапсырады.
Магистратураға түсу емтиханын өткізу және оқуға алыну кезеңінде қабылдау және емтихан комиссиясы құрылады. Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы университеттің тиісті мамандықтары бойынша жоғары білікті ғалымдардың санынан құралады. Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның ішінде ғылым докторлары, мамандық бейіні бойынша ғылым кандидаттары болуы тиіс.Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Мамандық бойынша емтихан тест түрінде өтіледі. Шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім стандарттары мен тестілеудің Ұлттық орталығы (бұдан әрі - МБСТҰО) әзірлеген технология бойынша тапсырылады.
Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Түсу емтихандарының қорытындысымен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады.
Магистранттар қатарына алуды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға алынуға мамандық бойынша және шет тілі бойынша түсу емтихандарының қосындысы бойынша 150 баллдан  кем емес балл жинаған тұлғалар жіберіледі.
Конкурстық балдың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, мамандық бойынша, шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша ең жоғары баға алған азаматтар қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады. Содан кейін таңдалған бейінге сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

Мекен-жайы:160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 3 ғимарат, 204 кабинет
Телефон: 8-7252-30-01-69


Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter
Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.