Новости
Цифровой прорыв в Казахстане: ИИ – драйвер будущего
- Просмотров: 15
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Ақпараттық технология және энергетика» Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы цифрлық серпіліс: Жасанды интеллект – болашақтың драйвері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер белсене қатысты.
Жиын барысында Жоғары мектептің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасары Саян Нұрмағамбет, сондай-ақ «Ақпараттық жүйелер және модельдеу" кафедрасының меңгерушісі Жалғасбек Изтаев, «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының меңгерушісі А. Мусабеков сөз сөйлеп, жасанды интеллекттің қазіргі даму қарқыны мен оның Қазақстандағы білім, өндіріс және экономика салаларындағы маңыздылығы жайлы пікірлерімен бөлісті.
«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының оқытушысы Бекарыс Айдәулет «Жасанды интеллект және Цифрлы Қазақстан» тақырыбындағы баяндамасында ЖИ дәуіріндегі жаңа міндетттерді атап өтті.
–Бұл кезеңнің басты мақсаты – цифрландыруды автоматтандыру деңгейінен шығарып, жаңа құндылықтар мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін интеллектуалды шешімдерді енгізу. Бағдарламаның жаңа кезеңдегі негізгі өзегі - бұл ЖИ технологиялары. Егер бұрынғы кезеңде біз қағазды цифрға ауыстырған болсақ, ендігі мақсат – деректерді ақылға айналдыру, - деді өз баяндамасында Бекарыс Айдәулет.
Оқытушы универсиетте ЖИ бойынша арнайы жаңа «Жасанды нейрондық желілер теориясының негіздері», «Компьютерлік лингвистика негіздері», «Анық емес білімдер мен түсініксіз логикалық қорытындыларды өңдеу» пәндері енгізілгенін жеткізді.
Оқытушы Әйгерім Сейтханова «АІ аватарларды оқу үрдісінде қолдану: мүмкіндіктері мен болашағы баяндамасында» ЖИ пайдаланылатын кітаптар, ғылыми мақалаларды атап өтті және АІ құралдарын оқу үрдісінде қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Ал жас ғалым Д.Әбенов ЖИ арқылы электр энергиясын үнемдеу бойынша ізденісін жеткізді.
IT, энергетика, киберқауіпсіздік мамандықтарының студенттері оқытушылардың баяндамаларында айтылған пікірілер мен зерттеулерге қатысты өз пікірлерін ортағана салды.
Атап өтейік, университет базасындағы зертханаларда бейнені тану, табиғи тілді өңдеу, интеллектуалды робототехника пәндері бойынша зерттеулер жүргізіліп пилоттық жұмыстар жүргізілуде.

Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter