AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ 605 МЛН ТЕҢГЕ СОМАСЫНДА ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Auezov University ғалымдарының ғылыми жобалары республикалық конкурста үздік деп танылып, 605 млн теңгенің грантын ұтып алды.

Атап айтқанда, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы бойынша университет ғалымдарының 2 бағдарламасы жоғары бағаланған.

«Минералдық шикізат және техногендік қалдықтар негізінде жоғары тиімді материалдарды өндіру технологиясын әзірлеу» жобасының жетекшісі – техника ғылымдарының докторы, профессор Абибулла Анарбаев.

Қаржыландыру көлемі 320 млн теңгені құрайтын жоба минералдық табиғи ресурстардың шығындарын қысқартуға, энергия үнемдейтін жаңа технологияларды жасауға және электротехникалық фарфор алудың тиімді жолдарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Ғалымның айтуынша, бұл тау-кен-химия, мұнай-химия және фосфор салаларының қалдықтарын пайдалану есебінен жүзеге асырылмақ.

Ал екінші жоба хризотил-асбест кендерін және тау-кен компанияларының техногендік қалдықтарын өңдеу мен пайдаланудың ғылыми, қолданбалы және технологиялық міндеттерін шешуге бағытталған.

Бағдарлама авторы – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қолданбалы химия» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Әбдіразақ Әуешов. Жобаның жалпы құны – 285 млн теңге.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған технологиялар мен схемалар еліміз бен Ресейдің ірі тау-кен өңдеу компанияларына ұсынылатын болады. Өз кезегінде бұл бастама ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығына оң әсерін тигізбек.

«Университет ғалымдары үшін бұл жобалар толыққанды зерттеу жүргізу мүмкіндігін ғана бермейді. Сонымен қатар ғылыми идеяны жан-жақты іске асыруға жағдай туғызады», – дейді Auezov University Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің мамандары.

Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.