Психологиялық қолдау көрсету орталығы
|
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
- ПО құру мақсатымыз ЖОО-ның білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, студенттер мен оқытушылардың, қызметкерлердің психологиялық қорғалуын қамтамасыз ету, олардың психикалық денсаулығын қолдау мен нығайту.
- Негізгі міндеттер:
- студенттер мен қызметкерлердің әсіресе оқыту мен тұлға аралық қарым-қатынас аумағындағы психологиялық мәдениеті мен стресске тұрақтылығын арттыру;
- өзгермелі әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларына әлеуметтік бейімделуге психологиялық көмек көрсету;
- білім беру үрдісі қатысушыларының негізгі мәселелерін анықтау және олардың туындау себептерін, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін айқындау;
- студенттердің ЖОО-да білімалу үрдісінде тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби қалыптасуына ықпал ету;
- білім беру үрдісі қатысушыларын қиын және қысыл таяң жағдайларда психологиялық көмекпен қамтамасыз ету;
- студенттердің жеке тұлғасының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, психологиялық , педагогикалық және кәсіби жағдайларды жасау;
- ерекше қажеттілігі бар студенттерді психологиялық сүйемелдеу;
- шетелдік студенттерге психологиялық көмек көрсету;
- ЖОО оқытушылар құрамының заманауи жастармен жұмыс жасаудағы психологиялық біліктілігін арттыру;
- педагогикалық ұжымға ЖОО-ғы әлеуметтік-психологиялық климаты үйлестіруге көмектесу;
- ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің қызметін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік материалдармен және нұсқаулармен қамтамасыз етуге көмектесу;
- Қажет жағдайда білім беру үрдісі қатысушыларына психологиялық қолдау мен кеңес беру қызметін ұйымдастыру;
- білім беру мекемелерінің психологтарына, мұғалімдерге, ЖОО оқытушыларына, денсаулық сақтау, пенитенциарлық мекемелердің, құқық қорғау органдарының, әскери бөлімдердің тәжірибелік психологтарына кәсіби біліктілігін арттыру контексінде психологиялық оқыту
Студенттермен жұмыс:
- Психологиялық кеңес беру;
- психологиялық диагностика (жеке және топтық);
- әлеуметтік-психологиялық бағыттағы тренингтер (серіктестік қарым-қатынас дағдылары мен сенімді мінез-құлық дағдылары секілді белгілі бірдағдылар мен икемдерді қалыптастыруға бағытталған);
- жеке тұлғаға бағытталған тренингтер (ішкі жай-күйді түзетуге бағытталған);
- имидж-класстар;
- Арт терапия
- Гештальт терапия
- Тақырыптық апталықтарды өткізу (темекіге қарсы, есірткіге қарсы, оқу орнының имиджі, психологиялық қызметтің ашық есік күндері);
- Студенттер мен магистранттармен, жалпы білім беру мекемелері психологтарымен және т.б. «дөңгелек үстел» мен конференциялар өткізу
- Психологиялық мастер-класстар өткізу.
- Психотерапия саласындағы басқа да білікті мамандар мен тәжірибелік психологтарды шақыру.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз