AUEZOV UNIVERSITY АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 150 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ САПЫНА ЕНДІ

Бүгін британдық QS рейтингтік агенттігі QS Asia Rankings 2024 рейтингісінің нәтижесін жариялады. Рейтинг қорытындысы бойынша Auezov University өткен жылғы позициядан 33 сатыға көтеріліп, 144-ші орынға ие болды. Ал қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 4-ші орынға табан тіреді.

Биылғы рейтингке Азия аймағындағы 857-ден астам университет қатысты.

QS Asia University Rankings жасау барысында сарапшылар өңірлік жоғары оқу орындарын 11 критерий бойынша бағалады. Атап айтқанда, ғылыми сарапшылар мен жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми жарияланымдарға сілтеме жасау, профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер саны сарапқа салынды.

Сонымен қатар, халықаралық зерттеу желісі, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі, шетелдік студенттер мен ғалымдардың саны және студенттердің профессор-оқытушы құрамға қатынасы және студенттердің академиялық ұтқырлығы назарға алынды.

Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының сапына ену – Auezov University үшін маңызды жетістік.

QS Asia Rankings 2024 рейтингімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings/central-asia  


Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.