AUEZOV UNIVERSITY ТӘЛІМГЕРЛЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

Auezov University-де «Тәлімгерлік: білім мен тәжірибе тоғысы» атты форум өтті. Оқу орнының 80 жылдығына арналған басқосуға өңірдегі рухани орталықтардың басшылары, өнер және мәдениет қайраткерлері, университеттің қызметкерлері мен кураторлары қатысты.

Auezov University Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының ұйымдастыруымен өткен форумның басты мақсаты – жоғары білім беру мекемесіндегі тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу топтары кураторларының қызметін жан-жақты дамыту.

Жиын барысында сарапшылар тәлімгерлердің кәсіби деңгейін арттыру, мамандардың жұмыс тиімділігін дамыту жайын талқылады. Сонымен қатар форумда студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдау, білім алушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кураторлардың тиімді тәжірибелері де назарға алынды.

Форумда университеттің студенттерге қызмет көрсету орталықтарының басшылары, Шымкент қаласындағы кітапханалар мен мәдени ошақтардың өкілдері баяндама жасап, пайымды пікірлерімен бөлісті.

Жиын соңында бір топ үздік куратор белсенді қызметі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.