AUEZOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ II ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫНА ҚАТЫСУДА

Auezov University студенттері Түркістан қаласында өтіп жатқан II Түркі универсиадасына қатысып, спорттың бірнеше түрі бойынша баптары мен бақтарын сынауда.

Атап айтқанда, оқу орнының білім алушылары үстел теннисінен қыздар және ерлер арасында өтіп жатқан жарыстарда өзара мықтыны анықтауда.

Аталған спорт түрі бойынша Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан елдерінен келген үміткерлер қатысуда.

Айта кетейік, Түркістанда ІІ Түркі Универсиадасы өтуде. Байрақты бәсекені ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды. Жарыс спорттың 7 түрінен 10 қарашаға дейін жалғасады. 

Бұл Қазақстанның төрағалығымен Түркі мемлекеттері Ұйымының X саммиті өткеннен кейін ұйымдастырылған алғашқы шара.

Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.