Жаңалықтар
AUEZOV UNIVERSITY 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖИЫНДАР ӨТЕДІ
- Қаралды: 252
18 қараша күні Auezov University-дің 80 жылдық мерейтойына орай бірнеше халықаралық жиын өтеді.
Атап айтқанда, «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына отандық және шетелдік ғалымдар, ірі өндіріс пен бизнес өкілдері қатыспақ.
Жиын барысында Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Бекзат Юлдашев, ҚР ҰҒА академигі Әбдуәлі Баешов, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Садритдин Турабжанов, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, Link Invest Capital директоры Бенни Энджи сынды азаматтар қатысып, тақырып төңірегінде маңызды мәліметтерімен бөліседі.
Конференция жұмысы химиялық технология, нано және биотехнология, агроөнеркәсіптік кешен және тамақ индустриясы, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология және табиғатты тиімді пайдалану, жаңартылатын энергетика және энергия үнемдейтін технологиялар, IT-технологиялар, әлеуметтік-экономикалық даму және инженерлік білім беру бағыттары бойынша жүргізіледі.
«Бұл жиын мемлекет пен қоғамның тұтастай дамуын қамтамасыз ету мақсатында, ғылыми зерттеулер мен практикалық жұмыстың нәтижелерін алмасу үшін, мәдениет, кәсіпкерлік, қоғамдық ұйымдар мен үкімет өкілдерінің қатысуымен академиялық және университеттік ғылым өкілдеріне мүмкіндік беретін ірі халықаралық алаңға айналмақ», – деп атап өтті конференция ұйымдастырушылары.
Сонымен қатар мерейтой аясында «Мұнай-газ кешенінің ғылыми-технологиялық дамуы» атты XV Халықаралық Надиров оқулары» өтеді.
Офлайн және онлайн режимде ұйымдастырылатын жиын барысында еліміздің мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосқан белгілі шетелдік және отандық ғалымдар баяндама жасайды.
Айта кетейік, академик Нәдір Надиров 1968-1975 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ) ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды. Ол «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасының ұйымдастырушысы және бірінші басшысы болды. Нәдір Кәрімұлы мұнай өңдеу және мұнай химиясы бойынша ғылыми мектеп құрды. Оның басшылығы негізінде ғылыми кадрлардың, ғылым докторлары мен кандидаттарының тұтас бір қауымы дайындалды.
Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз