Жаңалықтар
Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті
- Қаралды: 27
Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталған Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Форум Дебрецен қаласының мэрі Ласло Папп бастаған мажарстандық делегацияның Шымкент қаласына сапары аясында өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - ректоры Мұхтар Төлеген, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Мұхтар Төлеген Қазақстан мен Мажарстанды стратегиялық әріптестік қана емес, терең тарихи және мәдени байланыстар да біріктіретінін атап өтті. Екі халықтың ортақ тарихи жадында қыпшақ мұрасы ерекше орын алады.
Шымкент пен Дебрецен арасындағы ынтымақтастықтың келешегіне тоқталған ректор білім, ғылым және инновация салаларындағы өзара іс-қимылдың әлеуеті жоғары екенін тілге тиек етті. Басым бағыттар қатарында академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ғылыми зерттеулерді, академиялық және ғылыми тағылымдамаларды дамыту мәселелері белгіленді.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мажарстандық серіктестермен жасанды интеллект, Data Science және Computer Science, инженерия, мехатроника және робототехника, дәлме-дәл егіншілік, тағам технологиялары мен биотехнология, экология және су ресурстарын басқару, экономика және бизнес, сондай-ақ құқық салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.
Сонымен қатар Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және Horizon Europe бағдарламасы бойынша халықаралық ғылыми консорциумдарға бірлесіп қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Басталған диалогтың жалғасы ретінде 2026 жылғы 9 қазанда мажарстандық делегацияның Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне сапары жоспарланған. Кездесу барысында тараптар Дебрецен университетімен бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асырудың нақты бағыттарын талқылайды.
Форум аясында Шымкент қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылып, қазақстандық және мажарстандық кәсіпкерлер арасында B2B кездесулер өткізілді. Тараптар инвестициялық және технологиялық әріптестікті дамыту, жаңа іскерлік байланыстар орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.
Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы Шымкент пен Дебрецен арасындағы тікелей байланыстарды нығайтатын маңызды алаңға айналып, экономика, білім, ғылым және инновация салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз