Жаңалықтар
Идеяны бизнеске айналдырудың жолдары айтылды
- Қаралды: 24
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Студенттік ғылым және стартап бөлімі жастарға жаңа мүмкіндіктерді таныстыру мақсатында ақпараттық кездесулерін жалғастыруда. Кезекті басқосу «Сәулет, құрылыс және көлік» және «Тоқыма және тамақ инженериясы» факультеттерінің білім алушыларымен ұйымдастырылдыКездесу барысында қатысушыларға ғылыми және стартап жобаларды қолдау тетіктері түсіндіріліп, бизнес-идеяны қалыптастыру, нарықты зерттеу, тұтынушының өзекті мәселесін анықтау, гипотезаларды тексеру және Customer Discovery әдісін қолдану жолдары таныстырылды.
Сонымен қатар жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, идеяларын ғылыми жобаға немесе өміршең бизнес-бастамаға айналдырудың тиімді жолдары жөнінде мамандармен пікір алмасты.Осындай кездесулер студенттердің тың бастамаларын қолдап, олардың ғылыми ізденісі мен кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағыт-бағдар береді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз









