Жұмыссыздық, лудомания, зорлық-зомбылық: жастармен маңызды кездесу

Әуезов университетінде жастарға қажетті, қоғам үшін маңызды мәселелер қозғалған мазмұнды кездесу өтті. Жиында жастар арасындағы жұмыссыздық, отбасылық және демографиялық саясат, дін мәселелері, сондай-ақ қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — лудомания мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттырып, жұмыспен қамту, отбасылық құндылықтар, діни сауаттылық және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу бағытында пайдалы ақпарат беру.
Кездесуге:
* Есенғали Расулбеков — Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары;
* Баян Жандосова — Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы;
* Бише  Бекзат — Әл-Фараби ауданы бойынша жұмыс іздеушілерді қолдау секторының басшысы;
* Әсемай Анарбаева — Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны;
* Нұрхан Әбдіманап — Шымкент қаласы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог маманы қатысты.
Мамандар өз салалары бойынша маңызды ақпарат ұсынып, лудоманияның зияны, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, діни сауаттылық және қиын жағдайда көмекке жүгінудің маңызы туралы түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.