Жаңалықтар
Ректор белгілі ғалым Құрманбек Жантасовты қабылдады
- Қаралды: 25
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген отандық химия ғылымының абызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері және оқу орнының Құрметті профессоры, химик-технолог Құрманбек Тәжмаханбетұлы Жантасовпен жүздесті.
Құрманбек Жантасов – саналы ғұмырын Әуезов университетіне арнап, жоғары білікті шәкірттер тәрбиелеуге және отандық ғылымның дамуына ұшан-теңіз үлес қосқан бірегей тұлға. Бүгінде ол университет жанындағы «Бейорганикалық тұздар, өсімдіктерді қорғау және өсу ынталандырғыштары» ғылыми-зерттеу зертханасын кеңейтуге бар күш-жігерін салып келеді.
Кездесу барысында ғалым жетекшілік ететін «Ғылым қоры» АҚ желісі бойынша қаржыландырылып жатқан ауқымды коммерциялық жобаның қазіргі жай-күйі кеңінен талқыланды. Ғалым ғылыми-өндірістік үдерістерді ширатуға бағытталған бірқатар өзекті де өткір ұсыныстарды айтты. Атап айтқанда:
?Зертханалық зерттеулерді жеделдету: Ғылыми жұмыстарға аса қажетті прекурсорларды сатып алу мен оларды заңды түрде рәсімдеу ісін жеделдету;
?Бюрократиялық кедергілерді азайту: Бухгалтерия тарапынан кафедраларды қажетті материалдармен және ресурстармен қамтамасыз ету уақытын нақты реттеу;
?Техникалық базаны қолдау: Кафедра зертханаларындағы бақылау-өлшеу аспаптарын дер кезінде жөндеп, баптау үшін штаттық кестеге арнайы бір КИП и А (бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика) қызметкерін алу.
Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Әділбекұлы ел игілігіне айналар, тыңнан түрен салған кез келген жобаға қара шаңырақ тарапынан қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін айтты. Сондай-ақ ол ағартушы ғалым ортаға салған ұсыныстардың оң шешілуін тікелей өз бақылауына алатынын жеткізді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз