Компьютерлік инженерия және энергетика Жоғары мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңа жабдықтармен толықты

CHINT KZ компаниясы жоғары мектебімізге оқу үдерісінде пайдалануға арналған заманауи электротехникалық жабдықтарды өтеусіз табыстады.
Жалпы құны 3 159 122 теңгені құрайтын 14 түрлі атаудағы 146 жабдық берілді. Олардың қатарында электр көліктеріне арналған 22 кВт E3 зарядтау станциясы, NVF5 жиілік түрлендіргіші, автоматты ажыратқыштар, контакторлар, электромагниттік іске қосқыштар және басқа да заманауи электротехникалық құрылғылар бар.
Бұл жабдықтар студенттерімізге теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, нақты өндірістік құралдармен жұмыс істеуге, зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заманауи жабдықтар болашақ инженерлердің кәсіби дағдыларын қалыптастырып, өндірістің нақты талаптарына бейімделуіне жол ашады.
Білім мен өндірістің байланысы – заманауи, білікті әрі бәсекеге қабілетті инженерлер даярлаудың берік негізі.
Бірлескен жобалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.