Оқытушымыз «Шапағат» медалімен марапатталды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Жұмакүл Шегебайқызы мемлекеттік жоғары марапатқа ие болды.
Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен білім және ғылым саласына қосқан елеулі үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі қызметі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада арнайы табыстады.
Жұмакүл Тайтелиеваның педагогикалық қызметі мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласына мамандар даярлау, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағыттарымен тығыз байланысты.
«Шапағат» медалі – азаматтардың білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы еңбегін бағалауға арналған мемлекеттік наградалардың бірі.
Бұл марапат ұстаздың кәсіби қызметіне көрсетілген мемлекеттік деңгейдегі құрметтің белгісі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.