«Аграрлық» және «Тарих және педагогика» факультеттерінің оқу-ғылыми әлеуеті сараланды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген №9 оқу ғимаратындағы сабақ үдерісінің ұйымдастырылуымен және материалдық-техникалық базаның жай-күйімен танысты.
Нысанды аралау барысында университет басшысы «Тарих және педагогика» және «Аграрлық» факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Жүздесуде білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу жұмыстары және құрылымдық бөлімдердің даму бағыттары жан-жақты талқыланды.
Бүгінгі таңда оқу ордасы ізденіс жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруді және интеллектуалдық әлеуетті тиімді пайдалануды басты басымдық ретінде белгілеп отыр. Жиында жас ғалымдарға қолдау көрсету мәселесіне ерекше екпін берілді.
– Жас зерттеушілердің ізденістеріне қолайлы жағдай жасап, олардың халықаралық жобалар мен гранттық бағдарламаларға қатысуына мүмкіндік беру ортақ міндетіміз. Әр факультет пен ғылыми ұжым өз бағытында жаңа бастамалар көтеріп, ғылымды университет дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналдыруы қажет. Біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті маман даярлау ғана емес, инновацияны алға сүйрейтін заманауи зерттеу университетін қалыптастыру, – деп атап өтті Мұхтар Әділбекұлы.
Жоғары білімнің сапасы зерттеу қызметімен тікелей байланысты. Осы орайда білім беру мен ғылымды өзара сабақтастыра отырып, оқу орнының халықаралық беделін арттыру және нақты нәтижеге бағытталған жобаларды жүзеге асыру басты басымдықтардың бірі. Инновацияға бет бұрған жоғары оқу орны елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға зор үлес қоспақ.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.