Қазақтың заңғар тұлғасы Мұхтар Әуезов рухына тағзым

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ұлы жазушы, ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. 
Тағылымды шараны Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Құдретуллаева Рыскүл Орынбасарқызы ашып, Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеті мен ұлттық руханиятындағы айрықша орнына тоқталды. 
Іс-шара барысында «Абайтану және Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек ұлы жазушының өмірі мен шығармашылық жолына қатысты тың деректермен бөлісіп, Әуезов мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызы жөнінде жиналған қауымға ақпарат берді.
Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысып, алып мүсінге гүл шоқтарын қойып, қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасына тағзым етті. 
Мұхтар Әуезов – қазақ сөз өнерін әлемдік деңгейге көтерген ұлы қаламгер. Оның шығармашылық мұрасы – халқымыздың тарихы мен рухани болмысын, ұлттық құндылықтары мен адамзаттық асыл қасиеттерді дәріптейтін баға жетпес қазына. 
Ұлы тұлғаның есімін ұлықтау – өткенге тағзым ғана емес, келешек ұрпаққа аманат.

Әуезов мұрасын дәріптеу, оның шығармашылығын терең зерделеу және жас ұрпаққа насихаттау – университетіміздің маңызды рухани бағыттарының бірі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.