Жаңалықтар
Құттымұрат Тағаев Қазақ аграрлық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды
- Қаралды: 25
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Биотехнология және агроинновация» ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Биотехнология» кафедрасының доценті Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы Қазақ аграрлық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Қ.Ж.Тағаев Академияның «Агробиология және фитосанитария» бөліміне сайланды.
Оның ғылыми-зерттеу бағыттары агрономия, топырақ құнарлылығы, тұзданған жерлерді мелиорациялау, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен тұрақтылығы, сондай-ақ агробиотехнологияны қамтиды.
Құттымұрат Тағаев ғылыми әзірлемелерді аграрлық өндіріс тәжірибесіне енгізуге, заманауи агротехнологияларды дамытуға және ғылым, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған жобаларға жетекшілік етіп келеді.
Бұл ғылыми мәртебе оның аграрлық ғылым саласындағы еңбегіне берілген жоғары бағаны білдіреді және отандық ғылымның дамуына үлес қосу жолындағы жаңа жауапкершілікті жүктейді.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ұжымы Құттымұрат Жүргенбайұлын осы мәртебесімен құттықтап, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіне жаңа жетістіктер тілейді!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз