«Әр ұсыныс маңызды»: Мұхтар Төлеген белсенді студенттермен кездесті

 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген белсенді жастармен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Еркін форматтағы кездесуде оқу орнының дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, студенттердің бастамалары мен ұсыныстарына ерекше назар аударылды.
Студенттік өмір білім алумен ғана шектелмейді. Жастардың қоғамдық жұмыстарға, ғылыми-зерттеу жобаларына, мәдени және спорттық бастамаларға белсенді араласуы университеттің дамуына серпін беріп, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Ректор әрбір ұсыныстың маңызды екенін атап өтіп, студенттердің бастамаларын қолдауға және олардың сәтті жүзеге асуына қажетті жағдай жасауға басымдық берілетінін айтты.
«Біздің мақсатымыз студенттер өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алатын, идеялары мен бастамаларына қолдау көрсетілетін заманауи университеттік орта қалыптастыру. Жастардың белсенділігі мен ізденісі қара шаңырақтың дамуына әрдайым жаңа мүмкіндік береді», - деді Мұхтар Төлеген.
 
Қазіргі таңда университеттің 15 студенттік ұйымында 2 мыңнан астам белсенді жас түрлі бағытта жұмыс атқарып келеді. Әуезов жастары пікірсайыс, студенттік өзін-өзі басқару, көшбасшылық, қоғамдық белсенділік, ғылым, мәдениет және спорт салаларында жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімдігінің «Үздік жастар премиясы» байқауында университет студенттері бірқатар жүлдеге ие болды. «Кітап оқитын ұлт» жобасының қазақ және орыс лигаларында да Әуезов жастары жүлделі орындардан көрінді.
Кездесу өзара ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің ұсыныстары алдағы жұмыстарда ескерілетіні айтылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.