Университет бөлімдерінің жұмысы пысықталды

Университеттің Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген оқу орнының бірқатар құрылымдық бөлімдерін аралап, олардың күнделікті қызметімен танысып, мамандармен кездесті.
 
Алдымен архив құжаттарын сақтау, кіріс және шығыс хат-хабарларды рәсімдеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында мамандардың еңбек жағдайына қатысты мәселелер талқыланды. Қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында компьютерлер мен кеңсе жиһаздарын жаңарту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. «Әр қызметкердің сапалы жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасалуы керек. Жұмыс орындарын заманауи техникамен және қажетті құралдармен қамтамасыз ету – осы бағыттағы маңызды мәселелердің бірі», - деді Мұхтар Әділбекұлы.
 
Сондай-ақ ректор студенттердің сабақ кестесін әзірлейтін мамандардың жұмысымен танысып, оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында емтихан кестесін алдын ала әзірлеп, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бекіту мәселесіне назар аударды. Бұл студенттердің Жаңа жыл мерекесін ата-аналарымен және жақындарымен бірге қарсы алуына мүмкіндік бермек.
 
Мұхтар Әділбекұлы оқу үдерісін студенттер үшін барынша қолайлы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай мәселелерді алдын ала пысықтап, уақытылы шешу қажет екенін айтты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.