Жаңалықтар
«Таза Қазақстан» – баршаға ортақ мекен
- Қаралды: 28
Бүгін Шымкент қаласында еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаны таза ұстауға және туған қаламыздың көркеюіне бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы жоғары деңгейде өтті.
Бұл игі бастамаға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, сондай-ақ 300-ден астам белсенді студенті бір кісідей атсалысып, қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосты.
Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысып, тазалық жұмыстарының барысымен танысты. Мұндай ауқымды бастамалардың жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға, туған жерге жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтіні сөзсіз.
Акция барысында ерекше көтеріңкі көңіл күй қалыптасты. Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға қажетті жағдай жасалып, тіпті университет басшылығының қолдауымен жастарға балмұздақ таратылып, тазалық жұмыстары жақсы көңіл күймен жалғасты. Бұл — жастар еңбегіне деген құрмет пен қолдаудың жарқын үлгісі.
«Таза Қазақстанды» қалыптастыру – баршамыз үшін де азаматтық игі іс. Сондықтан мұндай жобаға қашан да бір үйдің баласындай атсалысып, отанымызды бірге гүлдендірейік.
Алға, Жаңа Қазақстан!
Алға, «Таза Қазақстан»!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз