Кітапсүйер жастар бас қосқан әдеби-интеллектуалдық форум өтті

Бүгін Әуезов университеті Шымкент қаласының кітап оқуға құштар, ойы сергек жастарын бір ортаға жинады.
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын университет» бағыты аясында «Саналы оқырман қалыптастыру» тақырыбында әдеби-интеллектуалдық форум өтті.
 Форум үш секцияға бөлініп, мазмұнды пікірталас пен интеллектуалдық сайысқа ұласты.
Бірінші секцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты еңбегі талқыланды. Оған Ақпараттық білім беру орталығының ұжымы, Шымкент қалалық әмбебап және көпшілік кітапханалардың қызметкерлері, «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ Book Exhibition кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Екінші секцияда Жастар орталығының «Айқап» және «Ақиқат» клубтары аталған еңбекті талқылап, кітапта көтерілген өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ал үшінші секцияда қаладағы жоғары оқу орындарының белсенді жастары командалық интеллектуалдық ойында бақ сынады. Қатысушылар Book Start, Book Quest, Book Challenge, Book Heart кезеңдерінен өтіп, білімін, логикасын және командалық қабілетін көрсетті.
Үздік командалар анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Форумды университеттің Ақпараттық білім беру орталығы мен Жастар орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.