Меритократия қағидаты бойынша жаңа тағайындау

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғалымы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Болысбек Айдарбек Әлібекұлы меритократия қағидаттары негізінде Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры қызметіне тағайындалды.
Болысбек Айдарбек Әлібекұлының жоғары білім беру, ғылым және басқару саласында 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Ол еңбек жолын оқытушылық қызметтен бастап, университеттің түрлі құрылымдарында жауапты қызметтер атқарды. Әр жылдары оқытушы, аға оқытушы, Тіркеу кеңсесінің жетекшісі, жоғары мектеп деканы, аймақтық сынақ зертханасының меңгерушісі және Студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры қызметтерін атқарды.
 
Ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар, химиялық технология, экология, ауыл шаруашылығы және инновациялық материалдар бағыттарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Оның авторлығымен 100-ден астам оқу құралы, монография, патент және ғылыми мақала жарық көрген.
 
Болысбек Айдарбек Әлібекұлы – Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушысы» атағының иегері. Сонымен қатар Германия, Чехия және Өзбекстанда ғылыми тағылымдамалардан өткен.
 
Жаңа қызметінде оның мол тәжірибесі мен кәсіби білімі студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік және академиялық мәселелерін тиімді шешуге, сондай-ақ студенттік ортаны дамытуға бағытталатын болады.
 
Университет ұжымы Болысбек Айдарбек Әлібекұлын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына толағай табыс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейді!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.