Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері үшін халықаралық мүмкіндіктер: ректордың академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушылармен кездесуі
- Қаралды: 12
2026 жылғы 18 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Басқарма Төрағасы-ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына білім алуға аттанатын студенттермен кездесуі өтті.
Кездесу университеттің жаңа коворкинг-орталығында ұйымдастырылды. Оған жақын арада шетелде білім алуға аттанатын студенттер, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуын аяқтап келген білім алушылар, сондай-ақ қазіргі уақытта шетелде білім алып жүрген және кездесуге онлайн форматта қосылған студенттер қатысты.
Студенттерге арнаған сөзінде Мұхтар Әділбекұлы университеттің негізгі міндеттерінің бірі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де өз кәсіби әлеуетін табысты жүзеге асыра алатын түлектер даярлау екенін атап өтті.
Кездесу барысында халықаралық білімнің маңызына, кәсіби және тілдік құзыреттерді дамытуға, көпмәдениетті ортада жұмыс істей білуге, жаңа жағдайларға бейімделуге және озық халықаралық тәжірибелерді меңгеруге ерекше назар аударылды.
Ректор университеттің студенттер үшін халықаралық мүмкіндіктерді жүйелі түрде кеңейтіп отырғанын атап өтті. Бүгінде академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру бағдарламалары, халықаралық білім беру жобалары, шетелдік университеттермен ынтымақтастық және алмасу бағдарламалары белсенді дамытылуда.
2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге 178 білім алушы жіберілуде.
Академиялық ұтқырлықты дамытуға университет тарапынан да елеулі қолдау көрсетілуде. 2026 жылы сыртқы шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін университеттің бюджеттен тыс қаражатынан 62 млн теңге бөлінді.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Германия, Польша, Бельгия, Түркия, Қытай, Әзербайжан, Испания, Латвия, Ресей және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында білім алуда.
Кездесу барысында шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келген студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жаңа ортаға бейімделу ерекшеліктері, шетелдік университеттердегі академиялық орта, оқу үдерісіне қойылатын талаптар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Кездесуде университеттің халықаралық қызметі ең алдымен студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Академиялық ұтқырлықпен қатар, білім алушылар Erasmus+ бағдарламасына, халықаралық алмасу бағдарламаларына, жазғы мектептерге, бірлескен білім беру жобаларына және қос дипломды бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне ие.
Кездесудің жаңа коворкинг-орталығында өтуі де университетте жүзеге асып жатқан өзгерістердің символдық көрінісіне айналды. Бүгінде материалдық-техникалық база нығайтылып, студенттердің білім алуына, қарым-қатынас жасауына және жастар бастамаларын жүзеге асыруына арналған заманауи кеңістіктер құрылуда.
Интернационалдандыру және рекрутинг департаменті алдағы уақытта да шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту, академиялық ұтқырлық пен халықаралық білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ студенттерді халықаралық бағдарламаларға қатысудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырады.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің халықаралық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайту.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз