Университеттің материалдық базасы күшейтілуде

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлеген оқу орнының бірқатар нысандарын аралап, білім беру үдерісінің ұйымдастырылуымен танысты.

Аралау кезінде жақын күндері пайдалануға берілетін жаңа коворкинг кеңістігінің дайындығын тағы бір пысықтады. Енді мұнда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына, білімін жетілдіріп, жаңа жобалар әзірлеуіне зор мүмкіндік тумақ.

Сондай-ақ факультеттер мен жоғары мектептердің деканаттары, құрылымдық бөлімшелер мен оқу аудиторияларының жұмысы зерделенді. Оқу ғимараттарының материалдық-техникалық базасы, зертханалар мен кабинеттердің жабдықталуы да назарға алынды.

Университет басшылығы білім сапасын арттырумен қатар, студенттер мен оқытушыларға қолайлы әрі заманауи жағдай жасауды басты міндеттердің бірі ретінде айқындап отыр.

Алдағы уақытта анықталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешіп, оқу инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғасады.

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.