Жаңалықтар
Әуезов университетінде қабылдау науқаны қорытындыланып, үздіктер марапатталды
- Қаралды: 22
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде 2026-2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жұмыстары қорытындыланды.
Биыл талапкерлерді қабылдау кезеңінде Қабылдау комиссиясының мүшелері бірнеше ай бойы аянбай еңбек етіп, талапкерлер мен ата-аналарға кеңес берді, құжаттарды қабылдап, өтініштерді қарады және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жауапты кезеңде университеттің түрлі құрылымдық бөлімдерінің мамандары да өз міндеттерін сапалы атқарып, білім алушыларды қабылдау үдерісінің жүйелі жүзеге асуына атсалысты.
Нәтижесінде университетке білім берудің үш деңгейі бойынша жалпы 5876 талапкер қабылданды. Оның ішінде бакалавриат бойынша – 2068, магистратура бойынша – 189, докторантура бойынша – 108 білім алушы мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алатын болады.
Талапкерлерді қабылдау ісінің нәтижелі өтуіне белсенді атсалысқан 68 қызметкерге алғыс хат табысталып, сыйақы тағайындалды. Сонымен бірге өз міндеттерін ерекше жауапкершілікпен атқарып, жоғары белсенділік танытқан 5 оқытушы мен Медиа орталықтың 2 маманына арнайы алғыс хат берілді. Бұл марапаттың қабылдау комиссиясы мүшелері үшін орны бөлек. Олардың айтуынша, 15 жыл ішінде алғаш рет еңбектері үшін осындай көлемде сыйақы алып отыр. Комиссия мүшелері бұл қадамды атқарған қызметтерінің бағалануы әрі университет тарапынан көрсетілген қолдаудың айқын көрінісі ретінде қабылдады.
Қабылдау үдерісі тек құжаттарды рәсімдеумен шектелген жоқ. Мамандар талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері мен гранттық негізде білім алу шарттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынып, олардың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Мұндай ауқымды міндетті орындауда әр маманның жауапкершілігі, кәсіби білімі мен ұйымшылдығы маңызды рөл атқарды.
Еңбекті елеу және материалдық тұрғыдан ынталандыру – университет ұжымының ортақ нәтижеге бағытталған қызметін қолдаудың маңызды тетігі. Биылғы қабылдау қорытындысы оқу орнының барлық құрылымдарының өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесін көрсетті.
Осындай ұйымшылдық пен өзара қолдаудың арқасында жаңа оқу жылына үлкен дайындықпен қадам басып отырмыз. Еңбектеріңіз еленіп, ізденістеріңіз нәтижелі, бастамаларыңыз баянды болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз