Жаңалықтар
Әуезов университетінің баспасөзі мен медиакеңістігіндегі айтулы жаңалық
- Қаралды: 13
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ғылыми кеңес отырысында тағылымы мол бастама көтерілді.
Отырыста университет телестудиясына белгілі журналист, қаламгер, қоғам қайраткері, өңірдің рухани-мәдени өміріне өзіндік үлес қосқан Байдулла Қонысбектің есімін беру туралы ұсыныс қаралып, Ғылыми кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Байдулла Қонысбектің телевизия саласындағы ерен еңбегі мен азаматтық болмысы – кейінгі ұрпаққа өнеге. Тұлға есімін университет телестудиясына беру – қаламгердің еңбегіне деген құрмет қана емес, журналистика мен сөз өнерін, ұлттық рух пен руханиятты дәріптеуге бағытталған маңызды қадам.
Ұлт журналистикасының көрнекті өкілі Шерхан Мұртаза: «Журналистің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ», - деген еді. Осындай тағылымды бастамалар арқылы университет тарихта өзіндік із қалдырған тұлғалардың еңбегін ұлықтап, олардың кәсіби және шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
Ғылыми кеңестің шешімі негізінде университет телестудиясына Байдулла Қонысбектің есімі беріледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз