Жаңалықтар
М.Әуезов унивеситетінде 289 түлекке запастағы "Лейтенант" әскери атағы табысталды
- Қаралды: 30
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде әскери кафедраны табысты аяқтаған түлектерге алғашқы запастағы «лейтенант» әскери атағын салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі №204-ОҚ бұйрығына сәйкес, әскери кафедрада запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша толық әскери даярлық курсынан өткен университеттің 289 түлегіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргені туралы дипломдарымен бірге алғашқы запастағы «лейтенант» әскери атағы берілді.
Салтанатты рәсімде университеттің Басқарма мүшесі – бірінші проректоры Құрманғалы Сарыкулов пен әскери кафедра бастығының міндетін уақытша атқарушы, запастағы подполковник Абдихан Урустамбеков түлектерді құттықтап, бұл күннің батылдықтың, тәртіптің, табандылық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін атап өтті. Олар жас лейтенанттарға елге адал қызмет етіп, офицерлік абыройды биік ұстауға шақырды. Түлектерге дипломдары мен запастағы «лейтенант» әскери атағының погондарын табыстады.
Университеттің әскери-жұмылдыру бөлімінің бастығы, Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстардың ардагері, «Айбын» орденінің иегері, запастағы полковник Берік Омаров та сөз сөйлеп, жас офицерлерді құттықтап, Отанға адал қызмет етулеріне ізгі тілегін білдірді.
Түлектерімізді алғашқы әскери шенімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігі мен өркендеуіне лайықты үлес қосатын білікті де жауапты офицерлер қатарынан көріне беріңіздер!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз