Әуезов университетінде «Заң» факультетінің түлектеріне диплом табысталды

Бүгін диплом алған түлектер – ертең әділдіктің туын көтеретін заңгерлер, азаматтардың құқығын қорғайтын адвокаттар, заң үстемдігін қамтамасыз ететін прокурорлар.
Әуезов университетінің «Заң» факультетінің түлектері көптен күткен дипломдарын алып, үлкен өмірге нық сеніммен қадам басты.
Салтанатты рәсімде Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Ақынқожа Жәнібек жас мамандарды маңызды белеспен құттықтап, оларға ақ жол тіледі. Ол үздік оқу көрсеткіштерімен ерекшеленген түлектерге дипломдарын табыстады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрғали Алмаз Нұрғалиұлы қатысып, жас заңгерлердің еліміздің дамуына адал қызмет етіп, әділетті қоғам қалыптастыруға өз үлестерін қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ түлектерге диплом табыстады.
Салтанатты шарада кафедра меңгерушілері де түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, алдағы кәсіби жолдарына сәттілік тіледі.
Биыл Әуезов университетінің «Заң» факультетін 602 түлек тәмамдаса, олардың 45-і оқуын үздік нәтижемен аяқтады.
Ақ жол, Әуезов түлегі! Әрдайым әділдіктің жағында болып, ел сенімін ақтай біліңіздер!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.