Жаңалықтар
Әуезов университеті түлектерге ұмытылмас мерекелік кеш сыйлады
- Қаралды: 29
Жарық. Сахна. Музыка. Би. Эмоция.
Әуезов университетінде түлектерге арналған студенттік өмірдің ең жарқын әрі әсерлі қоштасу кеші өтті.
Бұл жай ғана концерт емес. Бұл – төрт жылдық естеліктердің соңғы аккорды. Бір сахнада қуаныш, қимастық, достық, арман және жаңа өмірге деген сенім тоғысты.
Мерекелік кеште М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Басқарма төрағасы – ректор м.у.а. Ғани Бесбаев түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, елге қызмет ететін білікті маман болуларына ізгі тілегін жеткізді.
Ата-аналар мен университеттің белсенді түлектері жүрекжарды алғыстарын айтып, студенттік шақтың ұмытылмас сәттерімен қимай қоштасты.
Ал сахна шамдары жарқырап, жұлдыздар шыққан сәттен бастап кештің сәні тіпті арта түсті. Сырым Исабаев, Әділет Жауғашар, «Сауран» тобы, «Баянсұлу» триосы және басқа да өнер жұлдыздары көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндерін орындап, жүздеген көрерменді бір толқынға біріктірді.
Жастар бірге ән айтты. Бірге биледі. Бірге қуанды. Сол кештің әр сәтін естелікке айналдырды.
Кеш Open Air дискотекасымен жалғасып, түнгі аспанды көмкерген жарқын отшашумен әсерлі түрде қорытындыланды.
Ақ жол, Әуезов түлегі-2026!
Бүгін сен студенттік өмірмен қоштастың. Ертең – өз арманыңды бағындыратын жаңа өмірдің алғашқы күні. Студенттік өмірге Bye, жаңа өмірге Hi!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз