Жаңалықтар
М.Әуезов атныдағы Оңтүстік Қазақстан университетіне жетекші сарапшылар іс-сапармен келді
- Қаралды: 47
Бүгін университетімізге Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығының (САААЕ) сарапшысы, М. Әуезов атындағы ОҚУ Директорлар кеңесінің төрағасы Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы және ғылым мен білім беру үдерістерін ұйымдастыру және басқару саласының консультанты Акоев Марк Анатольевич жұмыс сапарымен келді.
Алдымен сарапшылар университеттің басшылық құрамымен кездесті. Басқосуда Басқарма Төрағасы-ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев қонақтарға алғыс айта отырып, бұл басқосудың тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларды талқылауға және ортақ мақсаттарды айқындауға зор мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ университеттің QS халықаралық рейтингіндегі позициясын нығайту стратегиялық басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығының (САААЕ) сарапшысы М. Бүркітбаев QS рейтингіне дайындық сапасын жақсарту перспективалары жайында ойларымен бөліссе, ғылым мен білім беру үдерістерін ұйымдастыру және басқару саласының консультанты М.Акоев «QS World University Rankings: Прорыв из ТОП-700 выше» тақырыбындағы баяндамасында шетелден келген ғалымдармен тұрақты консорциумдар құру үшін ОҚУ-дың инженерлік кафедраларын пайдалану, жарияланым шығындарын оңтайландыру, зерттеуші мақалаларының санын көбейтуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті.
Басшылық құраммен өткен кездесуден кейін сарапшылар Жоғары мектептер, факультет декандары және құрылымдық бөлім басшыларымен кездесті.
Кездесуде сарапшылар университеттің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылыми жарияланымдардың сапасын жақсарту және әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерді көтеру мәселелері бойынша маңызды ұсыныстарын ортаға салды.
Атап айтқанда, факультеттер деңгейінде жұмыс берушілердің байланыс базасын қалыптастыру, түлектермен жүйелі жұмысты күшейту және олардың кәсіби жетістіктерін қадағалау тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, университеттің ғылыми дәйексөзделу көрсеткішін арттыру, зерттеушілерді жоғары рейтингті Q1–Q2 журналдарында жариялануға бағдарлау және Web of Science Core Collection мен Scopus базаларында индекстелетін сапалы мақалаларға басымдық беру мәселелері қарастырылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз