«Zhas galym - 2026» университетішілік конкурсының жеңімпаздары анықталды

2026 жылғы 17 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Zhas Galym» ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруға арналған университетішілік конкурс бойынша конкурстық комиссияның отырысы өттті. Конкурс мақсаты - университетіміздегі жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау және қаржыландыру. Бірнеше ғылыми басым бағыттар бойынша түскен өтінімдер конкурстық комиссия отырысында талқыланып, қаржыландырылатын жобалар анықталды. Конкурстық комиссияның шешімімен төмендегі ғылыми жобалар қаржыландыруға ұсынылды:
1. Турсынкулова Эльмира Абдуллаевна – «Болашақ математика мұғалімдерін цифрлық технологиялар негізінде конструктивті геометрияны оқытуға даярлау әдістемесі» - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
2. Нурходжаев Нуржан Онгарович – «Шымкент қаласы мен оған іргелес аумақтардағы үй құстарының (тауықтардың) эпизоотиялық жағдайын зерттеу» - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
3. Әуесбек Сұлтан Темірбекұлы, PhD – «Модификациялаушы қоспалар қосылған фосфор қожы негізінде ұсақ ұнтақталған цемент алу технологиясын әзірлеу» - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
4. Калкаева Динара Бактовна – «Шымкент қаласындағы эпизоотиялық жағдайды зерделеу, ірі қара малдың пироплазмозын диагностикалау және алдын алудың тиімді әдістерін әзірлеу» - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
5. Құттыбай Мұса Талғатұлы, PhD – «Карбонат қосындысы бар шикізат негізінде алынған силикат кірпішін алу технологиясын жасау» - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
6. Дуйсебаев Шынгискан Ергалиевич – «Өсімдік сығындысымен байытылған, қоюландырылған түйе сүтінің технологиясы» - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
7. Калдыбекова Гульнур Мыктыбековна – «Ашытылған қырыққабаттан бөлініп алынған пробиотикалық сүтқышқылды бактерияларды зерттеу, идентификациялау және микрокапсулалау әдісімен тұрақты биопрепарат әзірлеу» - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
8. Тлеуова Каламкас Жумабековна – «Разработка пробиотического йогурта нового поколения функциональной направленности обогащенный экстрактом растительного сырья» - 3 000 000 (үш миллион) теңге.
Университет ұжымы конкурсқа қатысқан барлық жас ғалымдарға алғыс білдіреді және жеңімпаздарға ғылыми ізденістерінде жаңа жетістіктер мен халықаралық деңгейдегі табыстар тілейді!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос